Мен туралы

Ізгілік Байдрахманұлы Нағиев

1975 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында туылған. Мамандығы: Бағдарламашы, Интернет маманы.
2002 жылдан бастап бағдарламашы мамандығын игеріп, Интернет жүйесінде сайт жасау, техникалық қолдау қызметтерімен айналыса бастады. Алғашқы ашылған http://tor.kz, http://nur.kz, http://al-islam.kz т.б қазақша сайттардың авторы және үйлестірушісі.
2008 жылдан бастап «Қазақ Интернеті» қоғамдық бірлестігінің техникалық директоры болып қызмет атқарады.
Бүкіләлемдік байланыс құралы Интернет арқылы Қазақстан мемлекеті туралы кеңінен информациялық мағлұмат беру, қазақ тілінде сайттар дайындау және Интернетте орналастыру, техникалық қызмет көрсету. олардың жұмысын жолға қою және даму проблемаларын зерттеу арқылы қазақтілді Интернет-кеңістігін қалыптастыру, халқымыздың рухани, мәдени, әдеби һәм өркениетті дамуына үлес қосу, заман талабына ілесе отырып, бүкіләлемдік желінің көмегімен жас жеткіншектерден бастап еліміздің әр азаматына ұлттық мүдде тұрғысынан қызмет ету, CD дискілер және танымдық программалар жасау қызметтерімен тұрақты түрде айналысады.
2009 жылдан бастап «Қаламгер ТЕН» ЖШС мекемесінің директоры қызметінде. «Егемен Қазақстан» газеті, «Ана тілі» газеті, «Нұр Астана» газеті, «Жас қазақ үні» газеті, «Дала мен қала» газеті, «Үшқиян» газеті және т.б сияқты қазақтілді белгілі басылымдардың Интернеттегі тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, ақпараттық, мәдени, ғылыми жобалармен айналысуда.

Жұбайы – Нағиева Шынар Бектілеуқызы бухгалтер болып жұмыс істейді.

Үлгі тұтатын тұлғалары: Ардақты Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с), Абай, Шәкәрім, Дінмұхамед Қонаев, Дос Көшім, Марат Бөтеев.

Жастарға айтар тілегі: «Ұлтым деп соққан жүректермен бірге болыңдар!»

http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%9A%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%81%D1%83%D1%88%D1%8B:Izgilik19&variant=kk

6 пікір to “Мен туралы”

  1. Осындай ағаның қарындасы болғаным бақыт екен ғой.

  2. ісіңізге сәтілік тілеимін!

  3. Жұмысыңызға сәттілік!

  4. Бүкіләлемдік байланыс құралы Интернет арқылы Қазақстан мемлекеті туралы кеңінен информациялық мағлұмат беру, қазақ тілінде сайттар дайындау және Интернетте орналастыру, техникалық қызмет көрсету. олардың жұмысын жолға қою және даму проблемаларын зерттеу арқылы қазақтілді Интернет-кеңістігін қалыптастыру, халқымыздың рухани, мәдени, әдеби һәм өркениетті дамуына үлес қосу, заман талабына ілесе отырып, бүкіләлемдік желінің көмегімен жас жеткіншектерден бастап еліміздің әр азаматына ұлттық мүдде тұрғысынан қызмет ету, CD дискілер және танымдық программалар жасау қызметтерімен тұрақты түрде айналысады.
    _______________________________
    74.63.112.154 – шайнап кетіпсің :))

  5. Ізгілік ага ісінізге сәттілік, жумысынызга жеміс тілеймін. Үйдегі женгемізбен бақытты болып, қара домалактардын кызыгын корініз. Аз гана кырсык мінезініз болмаса өте кереметсіз. Женгемізді аяланыз.

  6. Ізгілік аға менің блоыгмды үздік блогтар қатарына қосқаныңызға үлкен рахмет!!! Сізге де сәттілік тілеймін!!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: