Расулуллаһтың Хазіреті Әлиге айтқан маңызы зор пайдалы кеңестері

жіберуші Ізгілік Нағиев

Интернетте осы мақаланы тауып алдым. Авторы: Түрік тілінен аударған Захраддин Пахраддинов. Бұл жігітті жақыннан танимын. Болашақта басқа да аудармаларын жариялап отырамын. Оқып көріңіздер, өте маңызды және қажетті ақпараттар.

Екі жаһанның нұры Мұхаммед Мұстафа (ғ.с.м) Хазіреті Әли мен қызы Фатима анамыз үйленгеннен кейін төмендегідей ақыл–кеңес айтқан екен:

— Ей, Әли! Жұбайыңды үйіңе әкелген соң аяғындағы шұлықты шешіп тазалап жу да ол суды үйдің айналасына шаш. Осылай істесең Аллаһу Тағала үйіңді жетпіс түрлі кедейліктен арылтады және жетпіс түрлі берекет, нығмет сыйлап, саған жетпіс түрлі жарылқау жасайды. От басыңа келіннің құты дарып үйіңде береке болады. Жұбайың алапес, жын ұру және басқа да аурулардан аман болады.

— Ей, Әли! Жұбайыңды алғашқы аптада ащы айран, сірке суы және ащы тамақ жеуден тый.

Хазіреті Әли бұлардың тыйым салынуын себебін сұрағанда былай деген екен:

— Ей, Әли! Ащы тамақ әйелдің жатырына әсер етеді әрі келешек баланың мінез–құлқына да ықпалы бар. Ей, Әли! Үйде бір алашаның болуы бала тумаған әйелден артық. Сірке суын пайдаланған әйелдің хайызы қиын болары сөзсіз. Әрі тазалануы ұзаққа созылады. Ащы алма жеу хайыз қанын тежеп, түрлі ауруларға себеп болады. Әйелдің бір қалыпты тұрмысын бұзып жібереді.

Әрімен қарай пайдалы кеңесін, ұлағат сөздерін жалғастырып былай деді:

— Ей, Әли! Жұбайыңмен айдың басында, орта шенінде және аяғында жақындаспа. Ол кездерде әйелдің жағдайы ішкі өзгерістердің салдарынан қауіпті болады. Екінді намазынан кейін де жақындаушы болма. Себебі, сол арада бала пайда болса көзі қитар болады. Шайтан ондай адамдарға мәз болады.

— Ей, Әли! Төсек қатынасы кезінде мүмкін болғанынша сөйлеме. Жыныс мүшесіне қарама, көзіңді де жұмба. Мұндай әрекеттер дүниеге келетін балаға әсер етеді.

— Ей, Әли! Қатынас кезінде басқа әйелді көңіліңе алма. Мұндай оймен туған бала педерастыққа (еркектің еркекке құмар болатын ауруы) салынады.

— Ей, Әли! Аяқта тұрып жақындаспа! Бұл хайуандардың ісі. Егер ондайда бала пайда болса, бұтына жіберіп қоя беретін болады. Айт түндерінде де әйеліңмен жақындаспа. Бала болған жағдайда алты яки төрт саусақты болуы мүмкін. Жеміс ағашының астында да мұндай әрекеттен сақтан. Себебі ондай бала, адам өлтіретін қаніпезер, дөрекі мінезді болады. Жақындасқанда үстерің жабулы болсын. Әйтпесе, туған бала өле–өлгенше кедейліктен құтыла алмайды.

— Ей, Әли! Азан мен қамат арасында әйеліңмен жақындаспа. Егер сол кезде бала пайда болса, қан төккенді жақсы көретін біреу болады. Жұбайың бала көтерген соң дәретсіз жақындама. Өйткені, сәби көкірегі соқыр, қолы тар, сараң болады. Шағбан айының он бесінші жұлдызында яғни Барат түнінде әйеліңе жақындасаң, туған баланың терісіне неше түрлі жара үйір болады. Әйеліңе балдызыңды ойлап жақындаушы болма. Мұндай жағдайда болған бала, ұры болып, ертең жұрттың мазасын алады.

— Ей, Әли! Айналасы ашық жерде жұбайыңмен жақындаспа. Ондай бала екі жүзді, мүнафық болады. Жолға шығар түні де жақындаспа. Бала болған жағдайда, бар тапқанын күнә істеуге жұмсайтын болады.

Сосын мына аятты оқыды: «Малын бекерге шашқандар шайтанның бауырлары».

Әрімен қарай сөзін жалғап былай деді:

—Үш күндік сапардан оралғанда да әйеліңе жақындасаң туған бала залым болады. Бұйырғанға риза болмайтын, ешнәрсеге көңілі толмайтын біреу боп шығады.

— Ей, Әли! Жұбайыңа дүйсенбіге қараған түні жақындағаннан бала болса ғалым әрі бұйырғанына риза болатын біреу болады. Сейсенбі түні жақындасқаннан болған бала мүмин (иманды) әрі биязы, жұмсақ мінезді болады. Жаман мінезден таза, пәк әрі ақ көңіл болады. Бейсенбі күні жақында! Себебі бала дана әрі жүрегі махаббатқа толы, көкірегі ояу болады.

— Ей, Әли! Бейсенбі күні бесіннен бұрын әйеліңе жақындасаң туған балаға шайтан  өле–өлгенше әсер ете алмайды. Дүниеде де ахыретте де бақытты болады. Жұмаға қараған түні жақындасаң бала қари, үлкен әулие болады. Жұбайыңа түннің алғашқы сағаттарында жақындама! Себебі, сол кезде бала болса дүниеге құмар, ахыретті ұмытқан біреу болуы мүмкін.

— Ей, Әли! Менің осы кеңестерімді ден қойып, жақсылап тыңда әрі іске асыр, жаттап ал. Бұлардың саған көп пайдасы тиеді.

Хазіреті Әли тағы былай дейді: Расулуллаһ бір күні мені шақырып алды да былай деді:

— Ей, менің көзімнің қарашығы Әли! Харун Хазіреті Мұсаға қанша жақын болса сен де маған сонша жақынсың. Менен кейін басқа пайғамбар келмейді. Саған пайдалы кеңес беремін. Егер тыңдап, орындар болсаң шәкирлерден (Құдайға шүкір еткендер) боласың әрі шейіт мәртебесіне көтерілесің. Аллаһу Тағала сені қиямет күні ғалым,  факих түрінде тірілтеді. Кеңес беруін жалғастырып былай деді:

— Ей, Әли! Иманды кісінің үш белгісі болады:

1.Намаз оқу.

2.Ораза ұстау.

3.Садақа беру.

Мұнафықтың да үш белгісі бар:

1.Құлшылықты жалғыз өзі болғанда кем әрі қате қылады да ал көпшілік ішінде керемет әрі толық орындайды.

2.Өзін мақтағандар алдында істі ықыласпен қылады. Мақтағанды жанындай сүйеді.

3.Жаратқан Иемізді адамдар арасында көп ойлап, жалғыз өзі болғанда ойламайды.

Мұнафықта бұдан басқа тағы үш белгі бар:

1.Сөйлеген сөзі өтірік.

2.Айтқан сөзінде тұрмайды.

3.Аманатқа қиянат жасайды.

— Ей, Әли! Залымның да үш жағдайы болады:

1.Өзінен әлсіз, пақыр біреуге қысым жасайды.

2.Қолынан келгенінше басқаның малын зорлап тартып алады.

3.Ризық қайдан келіп жатқанын көп ойламайды, адал–арам деп ажыратып жатпайды.

—Ей, Әли! Қызғаншақ адамның үш белгісі болады:

1.Көпшілікте жалбақтағанды ұнатады.

2.Жұрттың артынан жамандайды.

3.Бәлеге ұшырағандарға мәз болады.

— Ей, Әли! Жалқау кісілердегі үш белгі:

1.Аллаһу Тағалаға құлшылықты ерініп, зауықсыз қылады.

2.Жасаған амалы кем–кетік болады.

3.Намазын уақытымен оқымай кешіктіреді.

— Ей, Әли! Тәубасына келген кісіде мынадай белгілер болады:

1.Арам нәрселерден алыс тұрады.

2.Ілім үйренуге құштар келеді.

3.Емшектен сауылып шыққан сүт қайта орнына кірмегені секілді ол кісі де тастаған күнәсін қайталамайды.

— Ей, Әли! Ақылды кісінің үш белгісі бар:

1.Дүниеге аса мән бермейді.

2.Қиналады, жапа шегеді, бірақ әсте шағымданбайды.

3.Бәлеге ұшырағанда сабыр сақтап, төзімділік танытады.

— Ей, Әли! Сабырлы кісінің үш белгісі болады:

1.Келмегенге өзі барады, туыспен араласып тұрады.

2.Өзіне қастандық жасағанды кешіреді.

3.Өзінің ақысын жегенге аяушылық қылады.

— Ей, Әли! Ақымақтың маңызды үш белгісі бар:

1.Аллаһтың анық бұйрықтарына жалқаулық танытады.

2.Бос сөзі көп болады.

3.Аллаһтың жаратқандарына жәбір көрсетеді.

— Ей, Әли! Жақсы адамдардың үш белгісі бар:

1.Жегені адал.

2.Өз еліндегі ілім мәжілістеріне қатысады.

3.Намазды жамағатпен оқиды.

— Ей, Әли! Жолы қырсық адамның үш белгісі болады:

1.Жегені арам.

2.Ғибадаттарға асығыстық қылады.

3.Үзірі болмаса да намазды жалғыз оқиды.

— Ей, Әли! Игі жандардың үш белгісі болады:

1.Барлық ғибадаттарын уақытында, толық орындайды.

2.Арам істерден аулақ болады.

3.Өзіне жамандық жасағанға жақсылық жасайды.

— Ей, Әли! Жаман кісінің үш белгісі бар:

1.Аллаһтың әмірлерін орындауға ерінеді.

2.Жұртқа кесірі тиеді.

3.Өзіне жақсылық қылғанға жамандық жасайды.

— Ей, Әли! Салих адамның үш қасиеті болады:

1.Жинаған ілімімен дінін қуаттайды.

2.Өзіне ұнаған нәрсені басқаға да тілейді.

3.Әрдайым Аллаһпен достық қатынаста болады.

— Ей, Әли! Тақуа кісінің үш белгісі болады:

1.Жаман адамдардан алыс жүреді.

2.Өтірік айтудан сақтанып тұрады.

3.Күнә жасамайтынына ешқашан өзіне сенімді болмайды.

— Ей, Әли! Күнәһар адамның үш белгісі болады:

1.Барлық істері қате болады.

2.Ойынға, музыкалық аспаптарға құмар келеді.

3.Ұмытшақ болады.

— Ей, Әли! Жүрегі қара адамдардың үш белгісі болады:

1.Бейшара кісілерге аяушылық сезінбейді.

2.Азға қанағат қылмайды, тойымсыз келеді.

3.Үгіт насихат әсер етпейді, сөзге түсінбейді.

— Ей, Әли! Дұрыс адамдардың үш белгісі бар:

1.Ғибадаттарын жасырын істеп, мақтанудан қашады.

2.Бәлеге ұшырағанын ешкімге айтпай, қиындығын жасырады.

3.Әрдайым тілімен Жаратқанды зікір етіп жүреді.

— Ей, Әли! Пасық адамның үш белгісі болады:

1.Бүлік шығарып, іріткі салғанды жақсы көреді.

2.Адамдардың қателесіп, қиналғанына риза болады.

3.Игі істерден ұзақ болады.

— Ей, Әли! Өзін төмен сезінетіндердің үш белгісі бар:

1.Туысқандармен араздасады.

2.Көршілеріне жапа шектіреді.

3.Күнә істегенді жақсы көреді.

— Ей, Әли! Аллаһтың сүймейтін кісілеріндегі үш белгі:

1.Көп өтірік айтумен қоса жалған нәрсеге ант етеді.

2.Халықтың мазасын алады.

3.Біреудің арқасында күн көргісі келеді.

— Ей, Әли! Ғабиттың яғни құл болғанның үш белгісі бар:

1.Аллаһты өте үлкен, өзін өте кішкентай көреді.

2.Нәпсілік сезімдерін тиып тастайды.

3.Аллаһты риза қылуға тырысады.

— Ей, Әли! Ықыласты кісінің үш қасиеті болады:

1.Әлі келгенінше жұртты кешіреді.

2.Малының зекетін беріп тұрады.

3.Пақырға садақа бергеннен ләззат алады.

— Ей, Әли! Сараң, қолы тар кісінің үш белгісі бар:

1.Аштықтан өлердей қорқып, не жейтінін уайымдайды.

2.Өзінен бір нәрсе сұраса пақыр болып қалам деп қорқады.

3.Өзіне жақсылық жасағанға іштей дұшпандық қылады.

— Ей, Әли! Сабырлының үш белгісі болады.

1.Аллаһтың барлық істеріне сабыр қылады.

2.Күнә істемеуге сабыр қылады.

3.Аллаһ берген бәлеге сабыр сақтайды.

— Ей, Әли! Азғын кісінің үш белгісі болады:

1.Көп ант етумен көкіп мақтанады.

2.Әйелдерді жаман алдайды.

3.Әркімге жала жабады.

— Ей, Әли! Сені жақсы көргендерде үш белгі болады.

1.Байлығын сенің жолыңа жұмсайды.

2.Жанын сен үшін пида қылады.

3.Сенің сырыңды ешкімге ашпайды.

— Ей, Әли! Кәпірдің үш белгісі бар:

1.Аллаһтың мәңгі бақи дінінен шүбәланады.

2.Аллаһтың жақсы көргендеріне дұшпан болады.

3.Ғибадат пен мойынсұнудан бейхабар болады.

— Ей, Әли! Аллаһтың рахымынан алыс болғандардың үш белгісі бар:

1.Аллаһтың қаһарына ұшырайтынына сенімді болады.

2.Аллаһтың рахымынан үмітін үзген болады.

3.Аллаһтың елшісіне қарсы келуден ләззат алады.

— Ей, Әли! Құдай кешірген адамдарда үш белгі болады:

1.Аллаһтың азабынан қорқады.

2.Тұзағынан, қаһарынан қорқады.

3.Аллаһ үшін айтылған уағыз, насихаттан қорқады.

— Ей, Әли! Аллаһқа ең жақсы адам, халыққа көп пайдасы тиген әрі зияны тимегендер. Ең жаманы кекшіл және әрдайым ренжіп, қабағы түйіліп жүретіндер. Өмірі ұзақ болып игі амал жасағандарды Аллаһ жақсы көреді. Ал, өмірі ұзақ болып жаман қылық істегендерді жек көреді. Олардың сырты күнәлардың жылтырақтарымен безенген сұлу, ал іші күнәлардың қоқыстарымен кірленген.

— Ей, Әли! Жаманның да ең жаманы оның жамандығынан құтылу үшін оған пара берілген кісілер. Одан да жаманы байға жағымпазданып, ал пақырларды көзіне ілмейтіндер. Олар бай, қалталы кісілерге мол дастархан жаяды да кедей–кепшікке әсте жомарттық қылмайтындар. Одан да бетері жалғыз өзі тамақ жеп, басқаға бір тілім нан бермейтіндер. Одан да жаманы бір мұсылман дін бауырына жақын дос болып кейін жарға лақтырып кеткен адамдар.

— Ей, Әли! Адам мәртебесін көтерудің жолы күнәдан қашу. Аллаһтан қорқатын адамның белгісі тиым салынған нәрселерден сақтану болып табылады. Тура сөйлейтін кісі қарсы алдындағы адам оған ашуланса да, ренжіп немесе жақсы көріп жатса да турасын айтқан адам.

— Ей, Әли! Көңілді кірлететін бес нәрсе бар:

1.Тамақты көп жеу.

2.Көп ұйықтау.

3.Көп сөйлеу.

4.Көп күлу.

5.Ризық көп уайымдау.

— Ей, Әли! Жүректі қарайтатын бес нәрсе бар:

1.Бір күнәнің үстіне екінші күнә  істеу.

2.Қарыны тоқ бола тұра тамақ жеу.

3.Орынсыз мал жинау.

4.Намазды уақытылы қылмау.

5.Сол қолмен ішіп–жеу.

— Ей, Әли! Бес нәрсе адамды ұмытшақ қылады:

1.Тышқан жеген не ішкен нәрсені жеп, ішу.

2.Қыбылаға қарап кіші дәрет сындыру.

3.Тұрған суға дәрет сындыру.

4.Күлге дәрет сындыру.

5.Арам тамақпен күн көру.

— Ей, Әли! Жүректі ағартатын бес нәрсе:

1.Шын жүректен Ыхлас сүресін көп оқу.

2.Тамақты аз жеу.

3.Шалалау піскен тамақ жеу.

4.Ілім сұхбатына қатысу.

5.Түнде тұрып көп намаз оқу.

— Ей, Әли! Бес нәрсе жүректі нұрландырады:

1.Ілім жинауға талпыну, оқу.

2.Жетімнің басын сипау.

3.Сәресі уақытында көп–көп истиғфар айту.

4.¬Аз жеп, аз ішу.

5.Көп ораза ұстау.

— Ей, Әли! Көздің нұрын арттыратын бес нәрсе бар:

1.Қағбаға көп қарау.

2.Құран Кәрімге көп қарау.

3.Ата–ананың жүзіне мейірлене қарау.

4.Ғалым кісінің жүзіне құрметпен қарау.

5.Ағып жатқан суға қарау.

— Ей, Әли! Адамды қартайтатын бес нәрсе:

1.Қарызы көп болу.

2.Ғибадатты уайымдау.

3.Қайғы мұң шегу.

4.Әйелдің демі еркектің бетін шарпуы.

5.Иіс суын шамадан көп пайдалану.

— Ей, Әли! Жәннаттың қақпасында мынадай оқиғаға куә болдым: «Кімде–кім нәпсінің айтқанына көнбесе оның орны жәннат». Сол кезде жәһаннам былай деді: «О, Раббым! Мені не үшін жараттың? Аллаһу Тағала: «Сараңдар  мен тәкаппарлар үшін». Жәһаннам сонда былай деді: «О, менің Раббым! Сөзсіз мен солар үшін жаратылдым».

— Ей, Әли! Аллаһтың ризашылығы ата–ананың ризашылығына, ал қаһары ата–ананың қарғысына байланысты.

— Ей, Әли! Көршің кәпір болса да көмектес. Үйіңе келген қонақ кәпір де болса жәрдем ет. Келген тіленші де кәпір болса адамгершілік пен мейірімділігіңді көрсет. Күмәнді нәрселерді жей беретін адамның діні таза болмайды әрі жүрегі қарая бастайды. Арам нәрселер жейтіннің діні жабық, қалбі қара әрі дұға–тілегі қабыл болмайды. Жаратқан Иесіне қарсы шығатын күнәһар бір құл Аллаһу Тағалаға дұға етсе Аллаһ былай деп бұйырады екен: «Мына қырсықтың сұрағанын беріңдер. Оның дауысын естігім келмейді».

Аллаһ ондай құлына азап бергісі келгенде оған арам нәрселерді жақсы көргізіп, соңында пұшайман қылады. Оның дүниелік істер алға басып, ахыреттік амалдары оңбайды. Ол, бірте–бірте діннен алыстап, әрдайым «Аллаһ кешіреді» дейтін болады.

— Ей, Әли! Аллаһу Тағала бір құлын жақсы көрсе оның арман, тілегін бірден тез қабылдамай кешіктіреді. Періштелер: «О, Раббымыз! Мына құлыңның дұғасын қабыл ала гөр» дегенде Аллаһ: «Оны сендер маған қалдырыңдар. Оны сендер менен де артық аяйсыңдар ма? Мен оның дауысын жақсы көремін. Сұрағанын сосын беремін».

— Ей, Әли! Бір адамның ажалы жақындағанда ағзалары бір–біріне сәлем береді. Өлген ағза басқасына: «Мен өлдім, сен де өлесің». Яғни ақ шаш қара шашқа: «мен ағардым сен де ағарасың» дейді.

— Ей, Әли! Рахаттана берме! Аллаһ рахаттанатындарды жақсы көрмейді.Әрдайым өкініш пен мұң болсын. Жаратқан Иеміз мұңлық құлдарды жақсы көреді.

— Ей, Әли! Ағарып атқан әрбір таң бізге былай дейді: «Ей, Адам! Мен сенің жаңа күніңмін әрі куәгеріңмін». Әрбір түн де солай дейді. Олай болса күндіз–түніңді сұхбатпен жақсы өткіз. Аллаһтың аса мейірімінен адал ризық тіле. Адал ризық сұрау әр адамнға парыз. Дәрет алған соң «инна әнзәлнәһу» (қадір сүресі) сүресін үш рет оқы. Сонда Аллаһ саған елу жылдық нәпіл құлшылық сауабын бағыштайды. Аяқтарыңды жуғаннан кейін маған он рет салауат айт. Аллаһ қиямет күнінде жабырқатпай мағфирет, кешірім жасайды.

— Ей, Әли! Күн шықпай тұрып Аллаһты еске алып, зікір еткендердің күнәсі Қаф тауындай болса да кешіреді. Олар ахыретте азап пен жаза тартпайды.

— Ей, Әли! Таң намазын оқығаннан кейін орныңнан тұрмай, күн шыққанша отыр. Сосын екі бас духа намазын оқысаң Аллаһ саған бір хажылық сауабын сыйлайды әрі мың рекат намаз оқып, мың пақырды тойғызғандай сауап жазады.

— Ей, Әли! Рахат күйде немесе қиналған шақта, сапарда яки үйде болғанда нәпіл намазын оқи бер. Сөзсіз жәннаттың Дуһа есігінен кіресің. Өйткені Аллаһ бүкіл пайғамбарларға Дуһа намазын оқуларын бұйырды.

— Ей, Әли! Жұма күні бой дәрет алған кісінің бір аптада жасаған күнәлары кешіріледі. Оның қабірі нұр, таразысы ауыр әрі сырат көпірінен тез өтуіне себеп болады.

Аллаһтың сүйікті құлдары сәждеде мына дұғаны оқиды: «О, Аллаһым! Мен өзіме жамандық істедім. Мені кеш! Өйткені күнәларды сен ғана кешіресің».

— Ей, Әли! Араққа құмар адамдармен қатты дос болма! Олар Аллаһқа қарсы келгендер боп табылады. Малының зекетін бермегендермен де сөйлеспе немесе жолдас болма. Олар Аллаһу Тағаланың дұшпандары. Өсімқорлықпен қарын тойдыратындармен де жолдас болма. Олар туралы Құранда айтылғанындай: «Егер бұлай «істемесеңдер Аллаһқа және Пайғамбарға қарсы соғысқа шыққан боп есептелетіндеріңді біліңдер».

— Ей, Әли! Құран Кәрімді оқып жатқанда немесе дұға қыларда дауысыңды бәсеңдет. Намаз уақыты болды ма дереу оқы. Уақытты өткізген сайын шайтан сені шұғылдандыра береді. Және жақсы бір іске ниет еткен болсаң кешіктірмей орында. Әйтпесе шайтан салғырттыққа салып әлгі жақсы ниеттен суытады.

— Ей, Әли! Жұмысқа салып кейін еңбек ақысын толық бермегендердің ісі оңбайды. Мен де оның қиямет күні қас дұшпаны боламын.

Жәбрайыл періште былай деген екен: «Шіркін, дүние адамдарынан болып мынадай жеті амал «істесем ғой!

1.Бес уақыт намазды жамағатпен оқысам.

2.Ғалымдармен отырып сұхбат етсем.

3.Науқас жандардың көңілін сұрап барсам.

4.Жаназа намазын оқысам.

5.Шөлдегендерге су таратсам.

6.Ренжіскендерді татуластырсам.

7.Жетімдерге қамқор болсам!»

— Ей, Әли! Сен де бұларды орындауға тырыс.

— Ей, Әли! Бір үйде жетім жылағанда Ғарышта Алла дірілдейді. Аллаһу Тағала былай деп бұйырады: «Ей, Жәбрайыл! Мына жетімді кім жылатқан болса, оның орын жаһаннамнан іздеп тап! Мен де оны жылатайын. Ал, оны қуантып күлдірген кісінің де жәннаттағы жерін тап, мен де оны қуантайын».

— Ей, Әли! Аллаһу Тағала адамның денесінің ішінде тілінен тәтті де жақсы бір жерін жаратпады. Сол арқылы жәннатқа да жәһаннамға да барады. Ол бейне бір жыртқыш хайуан тәрізді. Ол — айдаһар. Оны зынданға қамап қою керек.

— Ей, Әли! Әр айдың он үші, он бесі күндері ораза тұт. Ол күндері ораза ұстағандардың жүзін Аллаһ нұрландырып, көңілін шат қылады. Ол адам жыл бойы ораза ұстаған боп есептеледі.

— Ей, Әли! Ілімсіз ғибадат ететіннің пайдасынан зияны көп. Ол, жолын тұман басып жолынан адасқан кісі секілді. Ондай адам айналып жүріп, қауіпті жағдайға душар болады немесе бір нәрсеге ұшырайды.

— Ей, Әли! Маған күнде жүз рет салауат айтқан адамға күнәсі көп болса да шапағатшы болуым уәжіп болады.

— Ей, Әли! Сүт пісірім уақыт қана созылған түнгі намаз оқу күндізгі мың рекат намаздан артық сауап. Түнгі намаз оқитын жандардың жүзі күндіз намаз оқитындардың жүзінен әлдеқайда нұрлы келеді.

— Ей, Әли! Біреуге лағынет айтпа! Тіпті ешбір тірі жанға лағынет айтушы болма! Лағынетің айналып өзіңе келуі мүмкін.

Аллаһтың шексіз нығметтеріне шүкір еткен, бәлелерге сабыр сақтаған, күнәларына истиғфар қылғандар жәннатқа қалаған есігінен кіреді.

— Ей, Әли! Шамадан тыс көп ұйықтау жүректі өлтіреді, ұмытшақ қылады. Көп күлу де көңілді кірлетіп абыройдан айырады. Көп күнә істеу жүректі қарайтып, өкінішке соқтырады.

— Ей, Әли! Басқаларға мұқтаж болмайтындай дәрежеде дүние сұрағандар сырат көпірінен зымырап өте шығады, Аллаһ оған риза болады. Арам жолдармен дүние қуғандар болса Аллаһтың азабын тартады. Бір мұсылманға шын көңілден ас бергісі келгендерге Аллаһ мың сауап жазады, мың күнәсын кешіреді. Жәбір көрген мұңлықтың зарынан, қарғысынан сақтан. Кәпір болса да ондай адамның тілегін Аллаһ қабыл алады.

— Ей, Әли! Қарызың аз болсын. Өйткені қарыз, дініңнің бұзылуына, көңілдің алаңдауына, жүректің қараюына себеп болады. Жұма түнінде Бақара сүресін оқыған адамға аспан мен жер нұрға толады. Духан сүресін оқыған адамның істеген әрі істейтін күнәлары кешіріледі. Жатар кезде «Тариқ» сүресін оқыған адам жұлдыз саынша сауапқа қарық болады.

— Ей, Әли! Ықылас сүресін көп оқы! Ол, Құран Кәрімнің сәулесі. Және бір әріпінде мың түрлі береке, мың рахым табылатын «Аят–үл Күрси» сүресін көп оқу сенің міндетің болсын. Ол сені дүние мен ахырет бәлесінен сақтайды. «Хашр» сүресін де көп оқы.

— Ей, Әли! Мына дұғаларды жатар кезде оқы әрі әрдайым оқып жүр:

1.Сүбхәналлаһи уәлхамду лилләһи уә ләә иләһә илла Аллаһу уәллааһу Әкбар. Уә ләә хаулә уә лә қууата иллә билләәһил ғалиьл ағзийм.

2.Қул һуәллааһү Әхад. Аллааһүс Самад. Ләм иәлид уәләм ююләд. Уәләм иәкүл ләһу куфуән Әхад.

 

3.Аллаһу Ләәиләәһә иллааһу. Әлхайюл қайюм. Ләә тә хузуһу синәту уә ләә нәум. Ләһу мә фиссәмәуәти уә мә фил ард. Мән зәл ләзий иәшфағу ғиндаһу илләә би изниһ. Яғләму мә бәйнә әйдиһим уә мәә хәлфәһум уә ләә юхийтунә би шей ин мин ғилмиһи иллә бимәәшә. Уәсиға күрсию һүссәмәуәти уәл ард. Уә лә иә удуһу хифзу һүмәә уә һуәл ғалиюл ғазим.

 

4.Аллаһүммә инний әсәлукәл ғафуә уә ғафиа фиддийн уәддүния уәл ахира

5.Я хаий я қайюм.Я ләә иләһә иллә әнтә. Бирахмәтика әстағийс. Фәғфирлий уә әслих лий шә ний уә фәрридж һиммәтий

— Ей, Әли! Тамақ жерде тұзбен баста, тұзбен аяқта. Тұз жетпіс дертке дауа. Тек өлімнен басқаға ем. Тамаққа қарамық қос. Жаңа ай туғанда тәкбір айт әрі дұғасын оқы. Біреуде шаруаң болса, «Аят–үл Күрси» сүресін оқы, ісің сәтті болады.

— Ей, Әли! Менің адал үмметімнен жеті адам анық жәннатқа кіреді.

1.Тәуба қылған жастар.

2.Садақаны ешкімге сездірмей берген адамдар.

3.Күнәлардан қашатын және нәпіл намазын  тастамағандар.

4.Мал–мүлкінен айырылса да намазын жамағатпен оқитындар.

5.Аллаһу Тағаладан қорыққаннан көзі әрдайым жасаурап жүретіндір.

6.Ғалымдармен сұхбат ететіндер.

7.Адамды Құдай үшін жақсы көретін әрі өзі де көрінген жандар.

— Ей, Әли! Қырық күн өтсе де ілім мәжілісіне бармаған кісінің жүрегі өліп, қарайып, кірлейді. Ондай адам әрдайым күнә жасауы да мүмкін. Себебі жүрегін тазартатын, нұрландыратын бір ғибадат істеген жоқ. Жүрек тек іліммен жанданады. Ілімсіз ғибадат адамды жандандырмайды. Күнәлардан сақтанбаған, арамға апаратын әрекеттерден тыйылмаған адамға жердің бетінде жүргеннен астында болғаны қайырлы.

Бір нәрсені пісіргенде жақсылап пісір, жегенде де көп шайна. Дұрыс шайналмаған тамақ пен ыстық нығмет денсаулыққа зиян.

— Ей, Әли! Жаңбыр жауып тұрғанда және кәпірлермен соғысып жатқанда және Құран Кәрім оқып отырғанда көп дұға қыл. Ғалым бола тұра мұны істемегендердің басын темір үгітетін диірменмен Тозақта мыж–мыжын шығарады.

— Ей, Әли! Турасын айтып әділ үкім бер! Аллаһ алдында зұлымдық жасап үкім шығарғандардың мойынына ертең темір шынжыр байланады. Ол шынжырдың бір метрін таудың үстіне қойса тау еріп кетеді.

— Ей, Әли! Көп ұзамай үмметімнің арасынан Рафизи дейтін ағым пайда болып, менің достарыма тіл тигізеді. Оларды соқ. Олар бұл үмметтің еврейлері.

— Ей, Әли! Аллаһу Тағала бір соқыр кісінің қолынан жетектегеннің қанша күнәсі болса кешіреді. Соқырдың оң қолын сол қолмен ұстау керек. Ондай адамдарға Аллаһ салиқалы әйел сыйлайды.

— Ей, Әли! Үйінде қарамық, бал, зәйтүн майы болған кісіге періштелер истиғфар айтады. Ішінде сурет, ит, арақ–шарап болған жерге періштелер кірмейді. Сондай–ақ, қонақ келмейтін және ата–анасына қарсы келетіндердің үйіне де жоламайды. Ондай адамға истиғфар яғни ол үшін Аллаһтан кешірім сұрамайды.

— Ей, Әли! Жолға шығарда немесе соғысқа аттанарда «Ясин», «Қадір» сүресін он рет оқы. Сонда Аллаһу Тағала дұшпанның шерінен сақтайды.

— Ей, Әли! Басыңа әлде қандай бір қиыншылық келгенде « Ей, менің Рабббым! Сен жіберген пайғамбарың және оның жақындары үшін сұрап отырмын. Мені құтқаратын жалғыз сен ғана» деп дұға қыл.

Сонда Хазіреті Әли:

— О, Аллаһтың сүйікті пайғамбары! Сонда сенің жақындарың кімдер? – деп сұрады.

Расулуллаһ ғалейһиссалату уәссалам былай деді:

— Тыйым салынған нәрселерден қашатын әрбір тақуа мұсылман.

Қадірлі достар! Олай болса кімде–кім Ардақты Пайғамбарымызға жақын боламын десе күнәлардан аулақ тұруы керек. Сонда оған ең жақыны боламыз. Раббым бізді Расулуллаһтың жақындарынан жазсын! Амин.

Авторы: Түрік тілінен аударған Захраддин Пахраддинов

 

Advertisements

One Comment to “Расулуллаһтың Хазіреті Әлиге айтқан маңызы зор пайдалы кеңестері”

  1. жазакаллаху хайран машаллах өте жақсы кеңестер

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: