Абайдың қара сөздері. Он үшінші сөз.

жіберуші Ізгілік Нағиев

Иман деген – алла табарака уа тағаланың1 шәриксиз2, ғайыпсыз, бірлігіне барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәсәлләм3 арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ. Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі ? не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел – испат4 қыларға жараса, мұны якини иман5 десе керек. Екіншісі ? кітаптан оқу бірлән яки молдалардан есту бірлән иман келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне соншалық берік боларға керек. Біреу өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып, көңілі қозғалмастай берік болу керек. Бұл иманды иман таклиди6 дейміз. Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен. Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ, таклиди иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті шын деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Құдай тағала өзі сақтасын. Әрнешік білмек керек, жоғарғы жазылмыш екі түрліден басқа иман жоқ. Иманға қарсы келерлік орында ешбір пенде құдай тағала кеңшілігімен кешеді дағы демесін, оның үшін құдай тағаланың ғафуына7 яки пайғамбарымыздың шафағатына8 да сыймайды, мүмкін де емес. «Қылыш үстінде серт жоқ» деген, «құдай тағаланың кешпес күнәсы жоқ» деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі құрсын.

1игі тілекке жолдаушы ұлы тәңір 2көмекші, серік, бұл жерде жалғыз, бір өзі тең келмейтін, бірдей келмейтін мағына 3Алла оған игі тілек тілеп, сәлемін алсын (Мұхаммед пайғамбардың аты аталғаннан кейін айтылатын құрметтеу сөйлемі) 4нақтылау, дәлелдеу, анықтау 5сенім (құдайға сену) 6 1) біреуге еліктеп сену; 2) дәстүрлі 7кешу, кешіру 8қорғау, жәрдем ету, көмектесу

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: