Өмірде бақыт, рахат, көңіл хоштығын қаласаңдар:

жіберуші Ізгілік Нағиев

Бірақ мұсылман барлық пайғамбарды әрі Құдайды, сондай-ақ кемелдік атаулыны Мүхаммед араби Ғалейһиссалату уәссаламның арқасында үйреніп, таниды. Оның тәрбиесінен тысқары қалған, яғни онымен байланысын үзген мұсылман ешбір пайғамбарды танымайды. Құдайды да ұмытады, бойында ізгіліктің нышаны қалмай, мүлдем көрсоқыр болады. Олай болатыны біздің пайғамбарымыз пайғамбарлардың ең соңғысы, ең үлкені әрі тура жолға шақыруы мен діні жалпыға ортақ, бүкіл адамзатқа үндеу жасаған, сондай-ақ діни тұрғыда болсын, мүғжизелері болсын бәрінен үстем және ақиқат тұрғысында адамзатқа ұстаздық етіп, пайғамбарлығы он төрт ғасыр бойы іс жүзінде дәлелденген. Әрі адамзат атаулының мақтанышы мен бетке тұтары. Пайғамбардың осындай тәрбиелік негіздерін, діни дәстүрлерін тәрк еткен адам кемелденуден мақұрым қалады, нұрға шомбайды, әбден азғындап, сөзсіз хайуан сатысына дейін құлдырайды.

Әй, дүниенің қызығына құмар, қысқа ғұмырының рахаты үшін тұрмысын ғана жақсартуға тырысқан бейшаралар! Өмірде бақыт, рахат, көңіл хоштығын қаласаңдар: Аллаһтың рұқсат беріп, кеңшілік еткен өлшеулі ләззатына қанағат етіндер. Ол қара басыңызға толық жетерлік. Онан артық заңсыз ләззат мыңдаған қайғыға душар ететінін енді түсінген шығарсыңдар.

Кино өнері дамыған қазіргі кезде өткен күндердің оқиғаларын бүгін айнытпай көрсететініндей, болашақтағы, мәселен, елу жылдан кейінгі жағдайларды да киномен қазір көру мүмкін болса, осы кездегі азғындар, қазіргі шат-шадыман тіршіліктеріне қатты жиіркеніп, өкіне жылар еді. Демек, дүние мен ақыретте бақытты болғысы келетін адам имандылықтың ережелерін қүбыланама ретінде үстаушы Мүхаммедтің (с.ғ.с.) тәрбиесін алуы тиіс.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: