Өз сайтыңызға, блогыңызға әлеуметтік желі арқылы кіру және пікір жазу мүмкіндігін жасаңыз.

жіберуші Ізгілік Нағиев

Қазірде әлеуметтік желілер дамып келе жатқаны және көпшілік пайдаланатын құралға айналғаны белгілі. Әрі БАҚ туралы заңға сәйкес сайттағы мақала емес, пікір үшін де жауап беруге тура келеді.

Осы жағдайда сайт жасаушыларға, сайт иелеріне айтар кеңесім: Өз сайтыңызға, блогыңызға әлеуметтік желі арқылы кіру немесе пікір жазу мүмкіндігін жасаңыз. Әйтпесе кейбір сайттарға пікір жазайын десең ол сайтқа тіркелу керек деп тұрады. Сайтқа тіркелуге көп уақыт кетпейтіні белгілі, бірақ сол әр сайтқа, блогқа  тіркелу деген нәрсе шаршатады. Ол сайтқа бөлек логин, бөлек кілтсөз таңдап әуреге түсіп отырғаның. Әрі сайтқа өтірік атпен де тіркеліп, пікір қалдыруға болады. Кейбір сайттарға тіркелгеннің өзінде пікір сайт иесі тарапынан мақұлданған соң ғана жарияланады.

Егерде Өз сайтыңызға, блогыңызға әлеуметтік желі арқылы кіру немесе пікір жазу мүмкіндігін жасасаңыз: Көпшілікте бар желілердің бірі МайлРУ немесе Фейзбук немесе Твиттер. Бұл желілерді көпшілік тұрақты пайдаланады.  Бір қолданушы сайттарды қарап отырып, пікір жазғысы келсе, сол желілердегі тіркелген есімі арқылы пікірін жаза алады. Әрі ол пікірі өз атынан суретімен әдемі болып көрініп тұрады. 

Қазірше қазақша сайттар арасында сайтқа пікір жазу мәселесі әртүрлі жағдайда орын алуда:

Тіркелмесе, пікір жаздырмайтындар: ОйтобеКЗ, МасаКЗ, ДабайКЗ т. б

Тіркелмесе де, пікір жаздыруға рұқсат беретіндер: АбайКЗ, Азаттық т. б

Әлеуметтік желі көмегімен пікір жазуға рұқсат беретіндер:   www.internettv.kz www.medialab.kz

Тіпті пікір жаздырмайтындар немесе қонақ кітабына жаз дегендер:  www.tor.kz www.inust.kz

Advertisements

One Trackback to “Өз сайтыңызға, блогыңызға әлеуметтік желі арқылы кіру және пікір жазу мүмкіндігін жасаңыз.”

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: