Готовы ли Казахстанские СМИ перейти на лицензии Creative Commons ?

жіберуші Ізгілік Нағиев

Жасылдар партиясы және  Қазақстанның Пират партиясы бірігіп  «Готовы ли Казахстанские СМИ перейти на лицензии Creative Commons ?» – «Қазақстандық БАҚ Creative Commons арқылы жұмыс жасауға әзір ме?» –  деген тақырыпта жиын болып өтті. Бұл өзі бұрыннан талқыланып, жарияланып келе жатқан дүние. Creative Commons туралы http://creativecommons.kz/ сайтынан оқуға болады.

Дегенмен, бізге блогшыларға қызықты, пайдалы  жағы қандай дегенді айтқым келеді. Маңызды екі жағдай үшін осы Creative Commons қолдануға болады.

1. Блогыңдағы, сайттағы мәтін, видео, сурет т б бәрін қандай жағдайда, кімдер, қалай пайдалануға болатыны айқындалады. Блогтан ұрлау немесе автор сілтемесін көрсетпеу туралы көптеген блогтарда мақалалар жазылды.

2. Creative Commons белгісі болған жағдайда басқа елдің ақпарат көздері ақпаратты пайдалануда жеңілдік туындайды. Ақпараттың құқықтық жағдайы белгіленген.  Алғысы келетіндер пайдалана алады, әйтпесе мынау бір блогтағы контент тамаша екен, пайдалана қояйын деп едім, құқығы нақтыланбаған, құрсыншы ертен сотқа беріп жүрер деп ойламай пайдаланады. Тіпті автор ретінде атыңды шығарады. (Бұл негізінде үшінші жағдай, бірақ біз блогты ат шығару үшін жазбаймыз ғой…)

Осы ақпараттық авторлық құқық туралы Асхат талқылап түсіндіріп жазды. Авторлық құқық суретін блогында сайтында алғашқылардың бірі болып қолдануды бастады. Ал, Creative Commons дегеніміз бұл сол мәселелердің нақ өзі немесе кеңейтілген нұсқасы деп білемін. Сондықтан өзіме қатысты ақпараттарға Creative Commons лицензиясын пайдаланамын деп шешім қабылдадым және барлығыңызды осыған шақырамын.

Creative Commons белгілері туралы: http://creativecommons.org/about/downloads

Маңызды ақпарат (ПыСы): Қазақстанда осы лицензия пайдаланылмайтындықтан көптеген шет ел ақпарат көздері біздің мәліметтерді пайдалана алмай жүр екен. Мысалы: Азияда олимпиядасындағы авторлық суреттер, мақалалар, комментарилер (Мәдинаның комментарилері есіме түсті) Егер осы лицензия пайдаланғанымызда көптеген жеке блогтарда, т.б жерлерде еркін тарайтын еді.  Осы мәселе туралы өзім де нақты дұрыс немесе бұрыс деп айта алмаймын.  Себебі білмеймін, уақыт көрсетеді. Сондықтан Аллаға тәуекел!!!

Advertisements

One Comment to “Готовы ли Казахстанские СМИ перейти на лицензии Creative Commons ?”

  1. Жақсы дүние екен. Пайдалану қажет!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: