ШЕТТЕН ОРАЛҒАН АҒАЙЫННЫҢ ЕЛБАСЫН ҚОЛДАУ ТУРАЛЫ ҮНДЕУІ

жіберуші Ізгілік Нағиев

Құрметті Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мырза!
Тағдыр тәлкегімен шетел асқан қазақтар еліміз егемендік алған алғашқы күндерді алыстан естігенде көз жасын көлдетіп Алласына тәубе қылып еді. Сонан бергі 20 жылдай уақыт ішінде тарих толқынынан сүрінбей өтіп келе жатқан жас Қазақстанға деген олардың ыстық көңілі суыған жоқ. Әсіресе өзге ұлттың арасындағы өз болмысын аман сақтауды Алладан күтіп, иманын мұрат еткен ұлылардың сарқыты болған жаутаң көз бауырларымыз Сіздің Мекке мен Мединеге сапар шегіп, Қағбаға кіріп қазақ үшін ақ тілек тілегенде құдіретті жаңбырдың сіркірегенін әлі күнге аңыз етіседі. Әуелі Алланы, екінші өзіңізді ұлықтайды. Мейір-шапағат күтеді. Қазақстан сынды қасиетті елге, өзіңіздей дара көш басшыға арқаланып өздерін иесі бар, Отаны бар бақытты халық санайды.
1992 жылы қыркүйекте өткен Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайы олардың арманына қанат бітіріп, атажұртқа бағытталған ұлы көштің керуені молынан ағытылған еді. Әрине, көш басындағы ұлы тұлға – өзіңіз әлем қазақтарына жар салып, бар қазақты отан құшағына оралуға шақырдыңыз.

Қазақ топырағына беттеген әр қазақ: «бізді Нұрсұлтан патшамыз шақырып жатыр» дегенді мақтанышпен, марқа көңілмен айтатын еді. Аллаға шүкір, сонан бері отанына оралғандардың саны да бір милионға жетті. Заман өтіп, тарих тепершігі өзге қырына аунасада бұл еңбегіңіз қазақ тарихына алтын әріппен жазылып, мәңгілікке айшықталып қалады. Оны өшіру, өзгерту енді ешкімнің де қолынан келмейді. Шеттен оралған әр қазақ бұл шежірені немере-шөберелерінің құлағына құйып, Сізге деген, қазақ жеріне – Отанына деген қарыздарлық сезімін ұрпақтан ұрпаққа жалғап өтетіндігінде шүбә жоқ.
Осылайша өзіңіз бастаған ұлы көштің дабырасы әлем елдерінің назарын аударып, қазақ ұлтының бауырмалдығы барша ғаламды таңғалдырды.
Қазақстан халқына арнаған 2008 жылғы Жолдауыңызда: «Тарихи атажұртына көшіп келу үшін оралмандарға бөлінетін жыл сайынғы квотаны 2009 жылы 5 мың отбасына дейін ұлғайтып, жылына 20 мың отбасына жеткізуіміз керек», – деп көші-қон комитететтерінің алдына нақты міндеттер қойып, атқарылуын да қадағалап келдіңіз. Әрі «Нұрлы Көш» бағдарламасы арқылы қазақ көшіне сара жол көрсеттіңіз.
Сіздің осы дана саясатыңыз талай жанның санасына сәуле шашты. Үміт пен күдігі қатарласқан қауымға «Нұрлы көш»-тің нұрлы жолына бастайтын алтын бұйда ұстаттыңыз. Бұл Сізді сүйетін халқыңыздың Алладан тілеген ақ дұғасының қарымжысы болса керек.
Көш туралы ойлағанда көлеңкелі құбылыстарға көп үңіле бермей, еліміз бен жерімізде жеміс берген табыстарымызды да көре білсек, Аллаға мың тәубе дейміз! Қандыбалақ жылдардың елесін ұмытып, есімізді жиып, етегімізді жаба бастаған бүгінгі бақытты заманда барымызды бағалап, тәуелсіздік тұғырын онан ары бекемдей беруден ұтпасақ ұтылмасымыз анық. Осы жағынан қарағанда бүгінгі «Нұрлы көш»-тің бастамасы, әрине, қазақ сынды халықтың маңдайына біткен тәуелсіздігі мен табанымен басқан қасиетті даласының киесін асырмаса кемітпейтіндігіне кәміл сендіреді. Сіздің демократиялық саясатыңыздың саясындағы «Руханият» сынды партияның бізге оң көзін салып, жоғымызды жоқтауы да рухымызды серпілтіп келеді.
Елінде бардың ерніне тиер дегендей ел болып ат салысып, өзіңіз бастаған нұрлы бастаманың жалғасын баянды жалғастырсақ, ол баршаның күткені болмақ.
Ендеше, шетте жатқан 5 миллион қазақ және Отанына оралған милионға жақын қандасымыз бір ауыздан өзіңізді қолдайды. ҚР заңдарына сәйкес жүрілетін Сізді қолдауға байланысты барлық іс-шараларда біз өзімізді Сізге борыштар санай отырып, өкілеттілігіңіздің ұзарғанын қалаймыз. Мейлі референдум, мейлі сайлау болсын алыстағы ағайынның болашағы да үміті де бір өзіңізде. Сондықтанда Сіздің ел тізгінін жалғасты өз қолыңызда ұстауыңызға мүдделіміз. Алладан кейін Сізге және Сіздің нұрлы жолыңызға сеніп отырмыз. Бұл шетте жатқан және шеттен келген барлық қандасыңыздың таңдауы.
Осы таңдауды өзіңізге жазылған хат ғана емес, жер бетіндегі барлық қазаққа жолдаған Үндеуіміз деп қабылдаңыз.
Сізге Алладан ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, жемісті еңбек тілейміз.

2011 жыл 26 қаңтарда Алматы қаласында Руханият Жасылдар партиясы ұйымдастырған «Нұрлы көш – Елбасының сара жолы» атты дөңгелек үстелге қатысушылар мақұлдаған шеттен оралған қандастардың үндеуі.
Үндеуге алғашқы қадамда бес мың адам қол қойған. Қол қойдыру жалғасты жүріп жатыр.

Ақпарат көзі: http://www.facebook.com/profile.php?id=730471102

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: