ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН СЫНАҚ

жіберуші Ізгілік Нағиев

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауына қатысуға жазбаша өтініш тапсырған үш үміткердің алғашқысын ақпанның 8-і күні мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау мақсатында лингвистикалық комиссияның сынағына шақырып отыр.  Астана уақыты бойынша сағат 15-те Орталық сайлау комиссиясында үміткерлердің алғашқысы саясаткер Уәлихан Қайсар мемлекеттік тілден «емтихан» тапсырады.

«Қазір соған қатты дайындалып жатырмын» деді ол Азаттық радиосына.

Тағы бір үміткер – Сәлім Өтен де ақпанның 8-і қазақ тілінен сынақтан өтуі тиіс еді. Алайда ол бұл күні Орталық сайлау комиссиясына келмей қалды.

– Мен бір шаруалармен Ақтөбеде жүр едім. ОСК-дағыларға айтып, ескерттім. Мен енді ақпанның 10-ы күні тапсырамын, – деді Сәлім Өтен сейсенбі күні Азаттық тілшісіне телефон арқылы.

Ал үшінші үміткер Мұсағали Дуамеков өзінің кезегі әлі келмегенін айтады.

– Бүгін Қайсар мен Өтен сынақтан өтуі тиіс. Ал маған әзірге ешнәрсе айтқан жоқ. Бірақ менің кезегім ертең келетін сияқты, – деді ол Азаттық радиосына.

Ақпарат көзі: http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_early_presidential_election_zhasaral_kuanyshalin_opposition/2300844.html

Advertisements
Ілмектер:

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: