Казахстанцы, кто хочет свинину….

жіберуші Ізгілік Нағиев

Біздің мемлекеттік ұлттық «Хабар» телеарнамыздан асықпай тәптіштеп, сөздің майын тамызып, барша халыққа шошқаның етінен тамақ жасауды ұзақ үйретіп жатыр… Етті қолмен ұстап, кесіп, тағы тағылар (шынын айтсам, басқасын жазғым да келмейді, жиіркенемін)… Және бұл бағдарламасын қоймай қайталауда… Қайтадан, қайтадан…

Бұл не? Қазақты адам деп елемегені ме? Немесе қазақтың біткенінің белгісі ме?

Мен өз басым қалада өскен адаммын. Әсіре ұлтшылдығым әсте жоқ. Бірақ бүкіл елді сыйламау, оның намысына тиетін, жүрегін айнытатын хабарды ұлттық арнамыздан көрсетудің мәні неде екенін таппадым…

Қазақ ұлттық тамақ-тағамдарымыздың насихатын неге жүргізбейді? Жылқы етінен таза ет бар ма? Қымыз-шұбаттан шипалы сусын бар ма? Білмесе, білетіндерден сұрамай ма?

Немесе қазақты ағаштан түскен маймылмен ашық теңегені ме бұл?

Немесе бүкіл ел баяғыда мәңгүрттеніп біткен екен деп есептей ме?

Мұхтар Құл-Мұхамет, есті ағамыз, мына «шошқа тағалап» отырғандарды тыймай ма?

Өз елімізде, өзіміміздің ұлттық телеарнамыздан жалпақ ел қорлық көрсе, не болғанымыз, ағайын?

Ақпарат иесі: Мақсаты АСҚАР, http://www.azattyq.org/content/blog/2301048.html

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: