Что за масқара, Что за масқара, Что за масқара….

жіберуші Ізгілік Нағиев

Қазақстанға Азия ойындарының 32-і алтынын сыйлаған хоккейден ерлер командасы сөз жоқ ерледі. Осыдан төрт жыл бұрын жапондарда кеткен есені өз жанкүйерлерінің алдында қайтарып, Азиаданың жеңімпазы атанған шайбалы хоккей шеберлеріне айтарымыз алғыс қана.
Алайда, көңілімізді түсірген мына оқиғаны көрген көзде жазық жоқ. «Қазақстан» спорт сарайына жиналған жанкүйер қуаныштан бөркін аспанға атып жатқан тұста бапкерлердің біреуі көк байрағымызды шетте тұрған ойыншының иығына жапты. Әлгі хоккейші туды қасындағы жолдасының арқасына іле салғаны сол еді, ол басқа бір чемпионға байрақты ысыра салды. Осылайша, көк байрағымыз қолдан қолға өтіп барып, Вадим Краснослободцевке келгенде тұрақтады.

Финалдық матчтың үздік ойыншысы атанған Вадим қолындағы сырғытпа таяғына асықпай туды байлап жатқанын көріп, қазір айдынды айнала желбіретеді деп ойлағанбыз. Ол ойымыз да қате болып шықты. Қазақстандық ойыншыларға алтын медаль мен естелік сыйлықтарды тапсырар тұста Вадим таяғымен қоса, байрағымызды жерге тастай салды.
Ел әнұраны аспанадаған сәтте де әлгі ту байланған таяқты көкке көтерген ешкім болмады. Байрағымызды биік ұстап, айдынды бір айналып өту соншалықты қиын шаруа да емес. Осыған ойы жетпеген хоккейшілерге не уәж айтамыз?! Әлде, оларға ұлттығымызды білдіретін нышанның құны бір тиын ба екен?!

Ақпарат көзі:  http://www.masa.kz/article/view/id/874

Advertisements

One Comment to “Что за масқара, Что за масқара, Что за масқара….”

  1. «Өзіңнен тумай ұл болмас»-деген.Жаны қазақ,тәні қазақ,исі қазақ, тілі-ділі қазақ болмай болмайды ақыры.Елден орыстар көшіп кетсе біз сол күрес пен бокстан алған жүлдемізге мәз болып жүре береміз.Бокстың өзінде бізді тықсырып бара жатыр

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: