www.sailau-2011.kz – www.sailau2011kz.wordpress.com

жіберуші Ізгілік Нағиев

«Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры бастамасымен  “Іс жүзіндегі демократия мектебі” – (Школа демократии на практике)  жобасының сайтыwww.sailau-2011.kz – www.sailau2011kz.wordpress.com ашылды. Бұл жобада Президенттік сайлаудың жоғары деңгейде, әділ және ұйымшылдықпен өтуі, еліміздегі демократияны ту еткен барша қоғамдық ұйымдардың және партиялардың ұстанымдарына нақты сынақ. Сондықтан, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры, еліміздегі барлық ҮЕҰ мен партияларға ұсыныс-үндеу жариялайды.

Іс жүзіндегі демократия мектебі

(Школа демократии на практике)

Президенттік сайлаудың жоғары деңгейде, әділ және  ұйымшылдықпен өтуі, еліміздің Ата Заңын қастерлейтін шынайы патриоттардың,  демократияны ту еткен барша қоғамдық ұйымдардың  және партиялардың ұстанымдарына нақты сынақ. Сондықтан, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры, еліміздегі барлық ҮЕҰ мен партияларға төмендегідей ұсыныс-үндеу жариялайды:

ҮНДЕУ

1.      Елімізде өтетін әр бір Сайлау немесе Референдум, демократия мектебінің бір сыныбына сай екенін ескеріп, Республикамыздың барша азаматтарын өз Президентін таңдауға белсенді ат салысуға шақырып, Президенттік сайлаудың заң аясында өтуіне азаматтық қоғамның бар әлеуетін жұмылдырайық.

2.      Еліміздегі тұрақтылық пен үйлесімділікті ары қарай сақтау және халқымыздың сайлау үрдістеріне сенімін арттыру мақсатында, барлық Сайлау учаскелерінде, ҮЕҰ мен партиялардың әлеуеттерін қолданып, сайлау урнасына қанша адам бюллетень тастағанын бейнекамераға түсіріп және оны интернетте on-line режимінде көрсетуді ұйымдастырайық.

3.      Еліміздегі барша қоғамдық ұйымдар ортақтасып, «Әр деңгейдегі сайлаулар,  іс жүзіндегі демократия мектебі» атты тұрақты істейтін мектептерді құрып, оның басқарушы Кеңесін жасақтап, мемлекеттілігіміз бен азаматтық қоғамымыздың бар әлеуетін, халқымыздың мәдени-саяси-экономикалық біліктілігін арттыруға белсенді ат салысайық.

4.      «Әр деңгейдегі сайлаулар,  іс жүзіндегі демократия мектептеріне» арнайы www.sailau-2011.kz сайтын ашып, ҮЕҰ мен партиялардың жазба-фото-видео ақпараттарын тұрақты беріп тұру.

5.      «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры, бастамашының үлгісі ретінде, 1 сайлау учаскесінде бейнекамерамен интернетте тікелей эфирде хабар таратып, әр сағат сайын учаске жетекшісінен Сайлау барысы жайлы бейнелі есеп алып, бейнетаспаға жазылған толық ақпаратты Орталық Сайлау Комиссиясына жолдауды өз мойнына алады.

6.      Еліміздің мемлекеттілігі мен азаматтық қоғамының демократиялық бағытта үйлесімді дамуын белсенді қолдап, ҮНДЕУГЕ қосылатын ҮЕҰ мен партияларды, ұжымдарды және азаматтарды осы ізгі ниетті іске асыруға шақырамыз!

«Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры

Байланыс телефондары: 8(727) 225-25-11, 8 701 277 8316(Марат, жетекші), 8 701 712 4511(Болат, үйлестіруші), 8 775 134 3402(Ізгілік, техникалық қолдаушы)

E-mail: nauryzbai@mail.ru, sn@sn.kz, bolat53@bk.ru

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: