www.7kun.kz – Новая Интернет газета. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов

жіберуші Ізгілік Нағиев

АЛМАТЫ. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ – Қазақ тілді ғаламтор басылымдардың қатары тағы бір қазақ тілді интернет-газетпен толықты. Бүгін www.7kun.kz деп аталатын жаңа интернет-басылым іске қосылды.
Ғаламтор басылымның бас редакторы Ербол Албанның айтуынша, басылымды ашу интернет саласының қажеттілігіне орай туындаған. «Қазіргі таңда әлемде интернеттену үрдісі қатты қарқынмен жүргізілуде. Бұл үрдістен Қазақстан да қалып отырған жоқ. Елімізде жыл санап ғаламтор пайдаланушылардың саны артып отыр. Мысалы, 2010 жылдың соңында 4,3 млн. адамды немесе еліміздің тұрғындарының 26,5 пайызын құрады. Қазіргі кезде ауыл тұрғындарының басым бөлігінің интернетке қосыла алмай отырғандығын, болашақта олардың қосылу мүмкіндігін ескерсек, алдағы уақытта оны пайдаланушылар саны артады. Сондықтан интернет-басылымдар, оның ішінде қазақ тілді сайттар өте керек. Бұл қазіргі таңда Елбасының да, үкіметтің де ұстанып отырған саясаттарының бірі. Осы бағытта бір топ журналист, блогшылар біріге отырып, осы басылымды ашуды жөн көрдік», -дейді ол.

Оның сөзіне қарағанда, сайтта күнделікті жаңалықтар, сараптама материалдары, сұхбаттар беріліп отырылмақ. «Оқырмандар материалдарды бірден латын қарпіне де ауыстырып оқи алады. Сондай-ақ оқырмандардың өздеріне жаңалық қосу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар сайт материалдары бірнеше әлеуметтік желіге бірден жарияланып отырылады», – дейді Е. Албан.

Сонымен қатар, бас редактор жақын күндері шоу-бизнес, мәдениет саласына арналған «демалыс.kz» ақпараттық, танымдық порталын іске қосуды жоспарлап отырғандарын жеткізді.

Ақпарат: http://www.inform.kz/kaz/article/2351679

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: