жіберуші Ізгілік Нағиев

Республикалық жастар қозғалысы
«GREEN CAMPUS»

«Халықаралық тәжірбиеге сүйенсек, аз тұрғындары бар, қалалары бір-бірінен алшақ орналасқан зайырлы мемлекеттерде, сол мемлекет аумағына қатысты кең ауқымды проблемада жастар арасында азаматтық белсенділікті жүзеге асыру қажет… осындайда, әрекеттесудің ең бір ыңғайлы формасы – азаматтық ұйымдардың жүйесі.» (Бүкіләлемдік банктын баяндамасынан 2007 жыл).
Жасыл Кампус – бұл Ұлыбритания, АҚШ және де басқа дамыған елдердің ЖОО-да кең таралған, экологиялық қауіпсіз және инновационды әдістерді пайдалана отырып,жастарды өз ЖОО-ын басқаруға қатыстыруға бағытталған бағдарлама. Өте үлкен жер көлемі мен қалалардың бір-бірінен алыс орналасуына байланысты Қазақстанда жастардың әрекеттесуінде үлкен проблемалар бар, іс жүзінде облысаралық жобалар жоқтын қасы. Осыған орай біз “Green Campus” бағдарламасын ұсынамыз.

Бағдарлама мақсаттары:

1. Қазақстан жастарын қоғамдық жұмысқа тарту және оларда әлеуметтік пен экологиялық жауапкершілік сезімін дамыту.
2. ЖОО-ын экологиялық және инновациялық басқарудғы дамыған елдер тәжірбиесін енгізу.
3. Қазақстанның әр облыстарындағы ЖОО-ның жастары арасында шығармашылық және әлеуметтік байланыстар орнату және дамыту, сондай-ақ Орта Азия аумағы мен ЕУропа жастар ұйымдары арасында байланыстар түзу.
4. Толеранттылық, әділеттілік және экологиялық принциптерді жастар арасында насихаттау.
5. Алматы қаласы мен Республика бойынша Жасыл Кампустар жүйесін құру және енгізу.

Қандай проблемаларды шешу мен қажеттіліктерді қанағаттандыру қажет.
-әдістеме

1. Белсенді, қызығушылық танытқан жастар өкілдеріне (ЖОО-нан) демократия принциптеріне, азаттық принциптеріне негізделген олардың өздерін таныта алуы, өз жұмыстары, инициативалары, жоспарлары т.б туралы айта алатындай тәуелсіз орындармен қамтамасыз ету(конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, жиындар т.б).

2. Жастар өз ЖОО-ын басқаруда әлсіз араласуда, бұған себеп ұсынылатын қоғамдық жұмыстың қызығушылық тудырмауында, және жаңа әдістер болмауында, сол себепті бұл бағдарлама олар үшын шығармашылықтың жаңа толқыны болады деп сенеміз, себебі оның аясында жастар өздерінің пайдалы идеяларын іске асырады(мыс:Университетінде өз дизаинымен аллеялар, қалдықтарды пайдалану, экотуризм, экостиль, экологиялық транспорт т.б ).

3. Біздің ЖОО-да энергоүнемдеу мен қалдықтарды пайдалану бойынша жобалардың болмауы себебінен жыл сайын ондаған миллион қаражат босқа кетіп жатыр, осыған орай бағдарламаның басты бағыттарының бірі: ЖОО-да энергосақтау(су үнемдеу, электр қуатын рационалды пайдалану) және қалдықтарды пайдалануды (қалдықтарды бөлек жинау, утилизация) енгізу.

4. Экологиялық инициативалар жоқтын қасы, бұған себеп экологиялық сауаттылық пен экомәдениеттіліктің жеткіліксіздігі, осыған орай ЖОО-дары әкімшілігі мен белсенді жастарға бағдарлама бағыттары бойынша әлемдік тәжірбиені пайдалана отырып тегін тренингтер жүргізу.

5. –Алматы қаласында көлік қатынасы аса қатты қысымда, осының әсерінен ауаның ластануы (автокөліктен жылына 200 мыңнан астам ластаушы улы заттар бөлінеді), транспорттық кептелістер секілді проблемалар болуы есебінен және Республика бойынша экологиялық балама транспорт түрлерінің дамымағандығы айқын,осыған орай ЖОО-да велотұрақтар салу(олардың болмауы жастарға велосипедке отырудағы бавсты кедергілердің бірі) және велотуризмді дамыту бағдарламада орын алған, бағдарламаға енген ЖОО-ның барлығында велотұрақ салынуы тиіс.

6. –тамақтану экологиясы жастар арсында мүлдем дамымаған, осының нәтижесінде елімізде әр түрлі дерттермен аурушаңдылық өте жоғарғы деңгейде(жүрек қантамыр жүйесі аурулары, онкологиялық аурулар, т.б) және бұл дерттер жылдан-жылға жасаруда,осыған орай жастар арасында экотамақтануды насихаттау, дұрыс тамақтануға үйрету, мүмкін болған ЖОО-дағы асханаларды Органикалық тамақтану орындарына айналдыруды ұсыну.

7. Сондай-ақ нашақорлық деген қоғамдық дерт, қауіп бар; бұл адамдар арасындағы өлім себептерінің ішінде алғашқы орындарда, жіне нашақорлар саны жасарып кеткені рас.Бағдарлама аясында ЖОО-да темекіге қарсы шаралардың сақталуы мен нашақорлыққа деген теріс пікірдің қалыптасуына ат салысу.

Координациялық кеңестің жұмыс жоспары:

1. Семинар өткізу, мақсат: Green Campus бағдарламасымен Алматы қаласының ЖОО әкімшілігі мен белсенді студенттерге таныстыру. Таныстырылымда С.Ж.Асфендияров ат.ҚазҰМУ мен әл-Фараби ат.ҚазҰУ-дегі бағдарламаның алғашқы жетістіктерімен көрсетіледі. Сондай-ақ тренингтер өткізіледі, пікір-сайыстар т.б іске асырылады.
2. Кезеңді ЖОО-да тренингтер өткізу, бағдарламаға сәйкес жастар экологиялық ұйымдарының құрылуында атсалысу.
3. Green Campus екінші жиыны: алғашқы анализ жіне Алматы қаласы бойынша жүйе құру,әр университеттен координацилық кеңестің мүшелерін сайлау.
4. Жүйенің басқа ЖОО таралуына жұмыс істеу.

Green Campus бағдарламасының ЖОО-дағы кезеңдері:
1) Энергоүнемдеу. Green teams (ЖОО-дағы топтар) энергосақтаушы құрылғыларды енгізумен айналысады(шамдар, жарық датчиктері, т.б) және де энергомониторинг зерттеулерін жүргізеді. Нәтижелері өте айқын болады: электроқуатқа кеткен қаржылық шығындар азаюы, т.б тек қана қаржылық үнемдеуге емес, қоршаған ортаны қорғауда қосатын зол үлес.
2) Қалдықтарды бөлек жинау технологиясы.Қағаздар мен пластмасс өнімдерін бөлек жинау(ЖОО-да 65-75 % қағаз қалдықтар). Бұл тек қоршаған ортаны ластануының алдын-алу ғана емес, қайта өңдеуді дамыту және қалдықтарды шығарудағы қаржылық үнемделуге алып келеді.
3) Суды үнемдеу, суды бөліп құю технологиясы мен экологиялық су құрылғыларын енгізу және суды дұрыс пайдалануды насихаттау. Жастарға суды пайдалану жүніндегі дұрыс ұсыныстар беру.

4) Велотуризмді, балама транспорт түрлерін дамыту. Жоғарыда айтылғандай ЖОО-да велотұрақтар салу(ҚазҰМУ-да 34 орындық велотұрақ салынды) жән велотуризмді дамыту.Бұл өз кезегінде қала тұрғындары мен жастар арасындағы веложүргіншілер санының артуына, ауа ластануының болашақта азаюына, автомобиль өоятын орындар артуы мен көлік кептелістерінің азаюына және де жалпы салауатты өмір салтын насихаттаудағы қосқан зор үлес.

5) Экологиялық туризмді дамыту(«Экотуризм» жобасы). Жастардың көп көлемде тауларда, ұлттық парктерде экологиялық жаяу туризмге тарту. Айына 2 рет 2010 жылдың қыркүйегінен ұйымдастырылуда.
6) Қалалық деңгейдегі экологиялық фестиваль «Green style Festival». Мақсаты: Green Campus-ты насихаттау,жастар арасында экологиялық мәдениетті насихаттау, оларды белсенді және экосалтты өмірге тарту. Ісшара аясында альтернативті көлік түрлерін дамытуға бағытталған спорттық ойындар(велосипед, скейттер, роликтер т.б), инновационды экоидеялары бар плакаттар көрмесі, экотауарлар өндірушілерге жәрмеңке алаңқай, экофильмдер көрсетілімі, экосалт, экосән, «100 % NOpaket» акциясы,велодүкендер, спорттық дүкендер, отандық органикалық, қауңпсіз, халал тағам өндірушілерді шақыру жоспарлануда. (www.playgreenfestival.com).
7) “ Green ” ЖОО-ның көгалдандыру, территориясын тиімді экологиялық пайдалану жобасы. Студенттерді өз университеттерін көгалдандыруға тарту(дизайинерлік конкурстар көгалдандыру бойынша, бос учаскелерді тиімді пайдалану бойынша), қолданыста бар сквер, алаңқайларды дұрыс әрі тиімді пайдалану, шатырды көгалдандыру(мүмкін жағдайда)дамыған елдер тәжірбиесін пайдалану.

«Руханият Жасылдар» партиясы, Жастар қанаты
Үйлестіруші: Әміре Арман. 8 701 194 7868

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: