Чуть ли не продал Ислам за 20 цент? О, құдайым, сәл болмағанда Ислам дінін 20 центке сатып жібере жаздадым…

жіберуші Ізгілік Нағиев

Түркияда дене шынықтыру пәнінің мұғалімін анекдот айтқаны үшін соттап жатыр. Іс сотқа дейін созылатындай не бүлдірді деп ойлауыңыз орынды. Кезінде энергетика министрін жұдырықтың астында қалдырған Кайсерилік мұғалім Түркия премьері Реджеп Тайип Ердоғанға қатысты езутартар шығарды деп айыпталуда. Ел үкіметбасшысын әжуалауға бағытталған анекдотты ғаламтор арқылы халыққа таратқан Шахин Шимшектің ісі басталып та кетті деп хабарлайды түркиялық ақпарат құралдары. Анекдот дінді саудаға салып, саясатқа араластырған шенеуніктерге арналған. Айыпталушы болса бұл мысқылды желідегі достарының бірі жібергінін айтады. Ендеше елді дүрліктірген Ердоғанға қатысты езутартарды оқи жүріңіздер: «Лондон мешітіндегі имам үнемі бір автобуспен қатынайды екен. Бір күні автобус жүргізушісі жолақысының артығын қайырып жатып, 20 центті артық төлепті. Имам бұл ақшаны қайтарсам ба, әлде қайтармай өзімде қалдырсам ба деп он ойланып, ақыры ақшаны бермеу туралы шешімге келеді. Бұл да Алланың берген сыйы шығар деп ойлайды. Бірақ, ары жібермеген имам көліктен түсерде қалған ақшаны қайтарып беріпті. Автобус жүргізушісі болса: «Мен сіздердің мешіттеріңізге барып, Ислам дінімен кең таныспақшы едім. Сол себепті, сіздің қаншалықты адал екеніңізді тексергім келді» деп жауап қайырған. Имам далаға шыққасын көкке көзін тігіп тұрып: «О, құдайым, сәл болмағанда Ислам дінін 20 центке сатып жібере жаздадым» деген екен.

Ақпарат иесі: http://masa.kz/article/view/id/997

Advertisements

4 пікір to “Чуть ли не продал Ислам за 20 цент? О, құдайым, сәл болмағанда Ислам дінін 20 центке сатып жібере жаздадым…”

  1. бұл имамның Түркияның премьер министрі Ертуғанға не қатысы болғанын түсінбедім…түсіндіріп жіберсеңіз

    • Түркияда осындай анекдот айтқаны үшін сотқа тартылуы мүмкін. Менің ойымша сол имам туралы анекдот болғаны үшін шығар, әйтпесе Ердоған имам емес шығар.

  2. қызық, бұл деген ескі әңгіме, болған нәрсе дейді білетін жұрт. оны алғаш рет ктл тамамдаған бір жігіттен естігем.)

  3. Гон ғой… мынау… біздің елде мұндай сиықсыз әңгімелер жетіп артылады.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: