Права матери и женщины в Исламе или почему же так важно одевать платок….

жіберуші Ізгілік Нағиев

«Анаңа, анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса» Хадис

Мать – первый учитель ребенка. Именно черезженщинследующее поколение мусульман узнает об исламе и нашихобязанностях поотношению к Создателю.

К сожалению одним из главных мифов об Исламе является то, что женщина мусульманка – рабыня. Недоброжелатели и просто необразованные обыватели повторяют из уст в уста небылицы на тему положения слабого пола в Единобожии, часто приукрашивая и очерняя ситуацию.  «Почитает женщину только благородный, а унижает ее – только подлец!» – сказал пророк Мухаммад (САС) и эти золотые слова являются законом для муслимов.

Ислам дінінің әйелге құрметі

Дүниеде Исламдай әйелді құрметтеген ешбір қоғам да, жүйе де жоқ. Ислам сонау VII-ғасырда әйелге ешкім бермеген құқықтарды берді. Ислам келген тұста араб қоғамындағы әйелдің ешбір құқықтары жоқ еді. Құқықтарды айтпағанда, ол кезде қыз туса қайғырып, одан құтылғанша асық болатын. Бұл туралы Алла Тағала бізге Құранның Нахыл сүресінің 58-59-аяттарында хабар береді:

«Егер олардың біреуі қызбен сүйіншіленсе, оны ашу қысып, беті қап-қара болып кетеді. Өзіне берілген жаман хабардың салдарынан елден жасырынады. Оны (қызды) қорлыққа шыдап ұстау керек пе, әлде топыраққа көміп тастау керек пе? Олар нендей жаман үкім береді».

Өйткені сол заманда әйелдер жаман жолға түсіп, руға, елге жаман ат әкеліп, сүйекке таңба түсіретін. Осыдан барып, сол кезде қыздарды тірідей көму дәстүрі пайда болды. Ислам келісімен осы теріс дәстүрге тыйым салды.

Сондай-ақ, сонау жетінші ғасырдан-ақ Ислам әйелдерге білім алу құқығы, еңбек ету, мирасқорлық сияқты құқықтар берді. Бұл құқықтарды Исламнан бұрын ешкім әйелге берген емес.

Құран Кәримде «Ниса» (Әйелдер) сүресі бар, Еркектер сүресі жоқ. Ислам дінінде Алла Тағала ер адамға әйелін, баласы мен ата-анасын, қолына қараған жақын туыстарын асырап, бағып-қағуды жүктесе, әйелге ондай міндет жүктелмейді. Өйткені, әйел адам өмірге ұрпақ әкеліп, оны тәрбиелеу сияқты ешқандай жұмыспен салыстыруға келмейтін ұлағатты іспен айналысады.

Әйел адам табиғатынан нәзік жанды болғандықтан Ислам әйелге ауыр жұмыстар жүктемейді. Ондай міндеттер сол істерге лайықты болып жаратылған ер адамның міндеттеріне кіреді.

Пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бір кісі келіп: менің жақсылық жасауыма ең лайық адам кім деп сұрағанда, пайғамбарымыз: анаң деп жауап береді. Одан соң ше? дегенде. Тағы да: анаң, одан соң ше? дегенде «тағы да анаң». Ал одан соң дегенде, «әкең» деп жауап берген екен. Әйел ана болғандықтан барлық әйелдерді ана ретінде құрметтеу қажет.

Жалпы Алла Тағала ер мен әйелді бірін-бірі толықтыратын екі жұп етіп жаратқан. Сондықтан ол екеуін бір-біріне қарсы қоймай, бірін-бірі толықтырушы, әрқайсының өз ерекшеліктері бар жаратылыс иелері деп қабылдаған жөн. Алла Тағала қасиетті Құранның Бақара сүресінің 187-аятында: «Олар сендер үшін киім, сендер олар үшін киімсіңдер» деген. Киім адамды сырт көзден, суық пен желден қорғап, адамның кемшілігін жасырып тұратыны белгілі. Ер мен әйелді Алла Тағала бірін-бірі қорғап, кемшіліктерін жасыратын киімге теңеп отыр.

Сондай ақ Рум сүресінің 21-аятында: «Сендерге олардан тыныштық табуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратып, араларыңда махаббат пен мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған ел үшін белгілер бар» дейді. Аяттан байқағанымыздай ер мен әйел бір-бірі үшін жаратылғандықтан, өз теңін тауып, отбасын құрғанда жандары тыныштық тауып, бақытты ғұмырдың алғышарттарына қол жеткізеді.

Өкінішке орай, қазіргі кезде әйелдерге теңдік әпердік деушілер оларды жылына бір рет 8 наурызда жылы сөзбен жұбатып, сый-сыяпат жасайды да, жылдың қалған 364 күнінде жұмысқа жегіп қояды. Кеңестік кезде әйел шахтаға да түсті, трактор да жүргізді, мал да бақты, еркектермен тең боламыз деп істемеген істері қалмады. (Еркектермен тең болудың қажеті не?). Бұл күндері де аязды күні тоңып, аптап ыстықта күнге күйіп базарда тұратын, ауыр-ауыр сөмкелер мен қаптарды көтеріп жүрген де сол аналар – әйелдер. Қоғамдық көлікте жұртпен жағаласып, ұрсысып жүріп тиын жинайтын, мастардан жаман сөздер еститін де өкінішке орай нәзік жандылар. Осындай жұмыстарға жегілген әйел қалай ғана нәзік жанды болады?! Ал ол ертелі-кеш жұмыста жүргенде оның баласына кім дұрыс тәрбие береді? Балабақшаның тәрбиесі қанша жақсы болғанмен, ананың аялы алақанына жету қайда. Біз әйелдерге теңдікті осылай берсек бұндай теңдіктен гөрі, үйде отырып бала тәрбиелеу сияқты ұлағатты іспен айналысуды ұсынатын, ал ауыр жұмыстың бәрін еркекке жүктейтін Ислам дінінің ұстанымдарын ұстанған тиімдірек сияқты.

Сорақысы сол, жарнамаларда әйелдерді зат ретінде пайдалану белең алып барады. Кез келген затты жарнамалау үшін, мейлі ол сабын ба, шампунь ба, немесе тамақ өнімдері, тіпті техниканы да әйелдің тәнін жалаңаштап жарнамалатып алып жүрген жайлары бар.

Ислам әйелге еңбек ету құқығын бергенде, оның отбасына зиян келмейтін жағдайда, отағасымен ақылдасып, қоғамға аса қажетті дәрігер, мұғалім, тәрбиеші сияқты әйел адамның табиғатына сай жұмыстарды істеуін қолдайды.

Өткір мәселелердің бірі – Исламдағы әйел киімі төңірегінде. Мұсылман әйелдің киімін қорлық көретіндер барын ашып көрсетуді көксейтін батыстың арсыз мәдениетін қолдайтын сыңайлы. Иманнан алшақ болған адам қоғамды жайлаған дерттердің «емі» неде екенін біле бермейді. Мысалы, бізде ел болып шешімін таппай отырған ажырасу, жезөкшелік, тастанды балалар, ерлі зайыптылардың бір бірінің көзіне шөп салуы сияқты толып жатқан қиындықтардың көбею себебі неде екенін ойланып көрдік пе?! Бұның бәрі иманның жоқтығынан. Алланың әмірлеріне бойұсынбағандықтан. Қыз-келіншектеріміздің Алла Тағала айтқандай киініп жүрмегендігінен. Мұсылман қоғамында әйелдер ұзын етек, кең көйлек киіп, басын орамалмен жауып жүреді. Өйткені әйел әдемі болып жаратылған. Ал оның әдемілігін тамашалау кез келген еріккен еркектің ермегі емес. Қыз бала немесе әйел қалай киінуі керек екенін Алла Тағала Құранда тайға таңба басқандай анық айтқан:

«Мүмин әйелдерге де айт: (Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Сондай-ақ әдеміліктерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және орамалдарын омырауларына түсірсін. Әдеміліктерін көрсетпесін. Бірақ, ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңілдерінің ұлдарына, мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі әдеміліктерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүминдер! Түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар». Нұр сүресі, 31-аят.

«Әй пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмин әйелдерге айт: «Үстеріне бүркеншіктерін орансын. Бұл олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Алла аса жарылқаушы, тым мейірімді». Ахзаб сүресі, 59-аят.
Осы аяттарды басшылыққа алған мұсылман әйел үйінде болғанда бар жақсысын киініп, хош иістер себініп, күйеуінің келуіне дайындалады. Ал сыртқа шыққанда әдемілігін көрсетпейтіндей мейлінше жабық киінеді. Осы үрдіс қоғамда кеңінен таралғанда ешбір еркектің көзі біреудің әйеліне түспейді. Үйіне келгенде өзі үшін әдеміленіп отырған өз әйелін ғана көреді. Сондықтан олардың махаббаттары күннен күнге күшейіп, ажырасу ойларына да келмейді.

Енді біздің қоғамды алайық. Әйелдер үйде жүргенде ерлері үшін әдеміленбейді, жұпыны киіммен жүре береді. Ал көшеге, не қонаққа бару керек болса айна алдында айналшықтап, боянуға бар өнерін салып, бар жақсысын үстіне киеді. Нәтижесінде көшедегі, қонақтағы еркектер ол әйелді ұната бастайды, өйткені олардың әйелдері тура осы әйел сияқты үйде жұпыны киініп жүреді ғой. Ал ол еркектердің боянып, сыланып келген әйелдерін өз кезегінде басқа еркектер биге шақырып, ақыры харам істерге ұласады. Осы жағдайларды жоққа шығара аламыз ба?!. Жоқ! Бұл барлығымыз білетін шындық. Осылардың нәтижесі ажырасуға апарады.

Ал тұрмыс құрмаған қыздарға келсек, олардың сұлулығын сері жігіттер бірер түн ғана пайдаланып, басқа сұлуларды іздеп кетеді. Тастанды бала осыдан шығады. Ол балаларды асырап, бағып-қағып, өсіру үшін мемлекет қанша шығынданады. Сондықтан да құрметті жамағат, Алла Тағаланың айтқанына құлақ аспайынша алаңсыз өмірді армандау аспандағы айға қол созғанмен тең. Аналарымызды 8 наурызда ғана емес өмір бойы сыйлап өтейік. Өйткені 8 наурыз ардақты аналардан емес арсыз әйелдерден қалған тарих екенін біріміз білсек біріміз біле бермеспіз. Тарихқа үңіліп, тағылым алайық, имандылыққа бетбұрыс жасайық!
Қарағанды орталық мешіті. 2009 жыл

http://dinislam.kz/publ/13-1-0-396

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: