Многодетные узнаваемые личности. Интересная статистика…..

жіберуші Ізгілік Нағиев

http://koshakan.wordpress.com/2011/04/09/көп-балалы-танымалылар/ – Көп балалылар туралы мақаланы оқып отырып қызық ойға қалдым. 18.  Уағызшы Дарын Мубаров – 14 баласы бар дейді, ал менің сыйлайтын ағаларым: 10. Композитор Қалдыбек Құрманәлі – 4 (+2?)  11. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан – 4 (+2 ?) Блогтың пікірлері ішінде,  жақша ішіндегі сан нені білдіреді деген сұраққа:

monti | 12/04/2011, 05:58

неге жақша ішінде сан нені білдіреді?

Әлди-әлди… | 12/04/2011, 07:03

Басқа некелі әйелдерінен болуы мүмкін дегенді білдіреді:)

деп жауап береді. Бұл не сонда қадірлі адамдарды арандату ма, әлде қалай екенін дым түсінбедім. Басқа, басқа Бекболат ағам мұндай арандатуға жауап береді деп ойлаймын. Себебі, намаз оқитын мұсылманды жазықсыз жазғыру сияқты мақалаға ұқсайды…

 

Advertisements

7 пікір to “Многодетные узнаваемые личности. Интересная статистика…..”

  1. Қызық екен? Мынауыңызға не жорық? Өзіңіздің дұрыс түсібегеніңізбен қоймай арадатушылық деп маған жала жапқаныңыз қалай, ағасы? Бекболат аға жалғыз сізге емес, маған да қадірлі. Қайта ол кісінің бала санын дәлірек беруге тырысқан менің жинаған ақпаратымды әжептәуір мақаласымақ қып шығарып қойыпсыз ғой. Сонда ол кісінің 4 баласы бар, тағы 2 болуы мүмкі деген арандатушылық па? АстағафурАлла!

  2. Мәселе туралы менің түсінігім былай. Бекболат аға туралы ғана емес, ақпарат – жалпы ресми ақпарат, бейресми ақпарат деген болады. Мысалы, Бекболат ағаңда ресми 4 бала болса, сен бейресми тағы 2 деп қосыпсың.
    Үкіметте қазақша деп бар жанын салып жүрген азаматты ел айтқан бейресми ақпаратпен қаралау деп түсінемін. Осы жазған ақпаратың Бекболат ағаның өзіне ұнай қоя ма екен?
    Мүмкін осы ақпарат себебінен отбасында ресми әйелі тарапынан реніш туындаған шығар. Бекболат ағамда 4 бала бар деп қоя қойсаң болмай ма, өсек ақпаратты шығару арандату емей немене? Жақша ішінде көрсетілген басқа адамдарға да ұнамаған шығар.
    http://islamdini.kz/articles/view/182 – Ғайбат туралы жазылған мақала. Мен оқып өзіме сабақ алдым. Басқаларға да кеңес беремін.

  3. Менің блогымдағы ақпаратқа орысша ат қойып жариялай салу ұят қой ағасы. Алып тастауыңызды өтінемін! Менің рұқсатымсыз оған қоса. Мынау бір қызық бастама екен, біреудің қорасынан тал түсте қой ұрлағандай. Қандай «ақылды» едіңіз, маған жазған комментті де осында тізе қойыпсыз!

    • А, айтпақшы, мына пікіріңізше жауапты мен өз блогымдағы пікірге жауап ретінде жарияладым. Қос мекенді бақалар сияқты 1 мақаланы 2 жақта талқылаған қызық болды-ау бәрінен. Сосын блогыма ескерту қойдым: «Бұл блогтағы материалдарды автордың рұқсатынсыз басқа БАҚ-та жариялауға болмайды!» деген.

    • Сенін блогыңдағы мақаланы көшіріп жариялаған жоқпын. Орысша атпен қазақша мақала жазу немесе қазақша атау қойып орысша мақала жариялау ол менім өзіндік стилім. Блогты оқып көрсең болады.
      Жазбамда Көп балалылар туралы мақаланы оқып отырып қызық ойға қалдым деп қай жері екенін нақты көрсетіп тұрып жаздым. Жазғаным өз ойым.
      Сенің блогыңда »Айналайын ағатай, ашуыңды баса ғой. » деп басталатын пікір жазыпсың, соны оқыған соң басқа айтарым жоқ. Егер түсінсең сын айттым, өз шамаңа қарай түсінгеніңді түсіндім. Пікір алмасып, хабарласып тұруыңа болады.

  4. Кешіріңіз, сіздікі сын емес қой, өзіңіздің нақты ақпаратыңыз болса, қосыңыз, қосып қоямын. Арандату деп қоясыз, сонда арандатушы менмін бе? Сіз маған арандатушы деп жала жаптыңыз ба сонда? Сіз ғана дұрыс ойлап, мені арам пиғылды ғып шығара салғаныңыз ұнамады. Сіз де дұрыс түсінбей жатып, мені ғайбатшыға да келтіріңкіреп қойдыңыз. Сонысы ұнамады. Жарайды, аман болыңыз! Аллаға туекел деген блогыңыздың аты әдемі екен, өзіңіз де, пікіріңіз де әдемі бола берсін, ағатай!

    • Сын деп қабылдамау адамның өз еркі. Дұрыс түсінгеніңе алғыс білдіремін. Шығармашылығыңда табыс тілеймін.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: