Қазақтың қара тасы… Черный камень казаха…

жіберуші Ізгілік Нағиев

О, құдайым, бұл қара тас емес.
Одан сүттің тәтті иісі аңқиды.
Жаныңа үміт шырағын жағатын,
Ал көмейге өксік болып кептелер.
Бұл керемет қарттардың ойлап тапқаны!
Осы үшін ғой әйелдер
Балаларының басын бәйгеге тіккені!
Олар бізді аурудан сақтады,
Олар бізді сенімсіздіктен құтқарды.
Олар біздің «халыққа жау» емес,
Бар болғаны бақытсыз әйел екенімізді түсінді.
Және өз адамгершілігімен тәнті етіп,
Қолындағы барыменен бөлісті.

О, Господи, да это ведь не камень.
От него так пахнет молоком.
И в душе затрепетал надежды пламень,
А в горле встал ком.
Так вот что придумали старики!
Вот за что женщины детьми рисковали!
Они нас от болезни берегли,
Они нас от безверия спасали.
Они поняли, что мы не враги,
А просто несчастные женщины.
И чем смогли – помогли,
Поразив нас своей человечностью.

«ҚҰРТ – ҚЫМБАТ ТАС»

«Отанын сатқандардың» әйелдеріне арналған Ақмола лагерінің» бұрынғы тұтқыны, 1990 жылы Германиядан Қазақстанға келіп-кеткен Гертруд Платайс «АЛЖИР» мұражайінің қызметкерлеріне жергілікті қазақтарды алғаш қалай көргені мен олардың тұтқын-әйелдерге қалай қарағанын айтып берген еді.

«АЛЖИР» тұтқыны Гертруда Платайстың фотосуретінің көшірмесі. Фотосурет саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» мұражайында сақталған.
Бір күні ертемен тұтқын-әйелдер Жалаңашкөлден қамыс будаларын арқалап «АЛЖИР» тұтқыны Гертруда Платайстың фотосуретінің көшірмесі. Фотосурет саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» мұражайында сақталған.
келе жатады. Бұларға жолда қарттар мен балалар кез болады, сөйтіп балалар үлкендердің айтуымен әйелдерге қарай тас лақтыра бастайды. Қарауылдар: – Сендерді Мәскеуде ғана емес, ауылда да жек көретінін көрдіңдер ме, – деп қарқылдап күледі.

Тұтқын-әйелдер «бұлардың балаларға берген тәрбиесі осы ма» деп налиды. Ақыры бір әйел әлгі тастардың біріне сүрініп құлайды. Құлап жатып дәл тұмысығының алдында жатқан тастан сүт пен ірімшіктің исін сезіп қалады. Шетінен бір тістеп, ауызына салып көрсе, дәмі тіл үйіретін болып шығады. Сөйтіп тастардың барлығын теріп алып, бараққа алып келеді. Барақтағы тұтқын қазақ әйелдер оның күнге жайып кептірілген құрт екенін айтып түсіндіреді.

«КУРТ – ДРАГОЦЕННЫЙ КАМЕНЬ»

Когда в 1990 году бывшая заключенная Акмолинского лагеря жен «изменников» родины Гертруда Платайс приехала в Казахстан, она рассказала сотрудникам музея «АЛЖИР», как впервые увидела местных казахов и как они отнеслись к заключенным женщинам.

Фотокопия снимка Гертруды Платайс, узницы «АЛЖИРа» (Акмолинского лагеря жен «изменников» родины). Фотография размещена в музее памяти жертв политических репрессий и тоталитаризма «АЛЖИР».
Одним зимним утром женщины-узницы несли с озера Жаланаш охапки Фотокопия снимка Гертруды Платайс, узницы «АЛЖИРа» (Акмолинского лагеря жен «изменников» родины). Фотография размещена в музее памяти жертв политических репрессий и тоталитаризма «АЛЖИР».
камышей. Через некоторое время на берегу озера появились старики и дети, которые по команде старших начали бросать в этих женщин камни. Конвоиры начали громко смеяться: мол, видите, вас не только в Москве, вас и здесь, в ауле, не любят.

Оскорбленные женщины думали, ну что же вы, старики, чему своих детей учите?! Но вот одна женщина споткнулась об эти камни, а когда упала рядом с ними, то почувствовала запах молока и сыра. Она взяла кусочек и положила в рот – он показался ей очень вкусным. Она собрала эти камушки и принесла в барак. Там были и заключенные женщины-казашки. Они сказали, что это курт – высушенный на солнце соленый творог.

Ақпарат:

http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_alzhir_prison_wife_family_enemy_of_people/24180497.html

http://rus.azattyq.org/content/gulag_camp_kazakhstan/24179843.html

Оригинал поста по этому адресу

Advertisements

3 пікір to “Қазақтың қара тасы… Черный камень казаха…”

  1. ЕКІ ТІЛДІ ЖЫЛАН СИЯҚТЫ ЕКІ ТІЛДЕ ЖАЗАДЫ ОСЫ БЛОГ

    • Блогтағы жазулар еліміздегі қостілділіктің айқын көрінісі. Қазақстан азаматтары барлығы екі тілде сөйлейді. Мүмкін енді үштілде сөйлеуді бастайтын шығармыз, ол кезде блог жазбалары да үш тілді болады.

  2. Біздің ұлт не көрмеді? КарЛАГ пен АЛЖИРді оқыған сайын денем түршігеді.

    Осы сіз айтып отырған құртты жақсылап кептірсе 1 ғасырға дейін сақтауға болады дейді.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: