@AZhumagaliev @egovkz Cұрақ-Вопрос

жіберуші Ізгілік Нағиев

Салеметсіз бе, Асқар аға! Сізге Twitter арқылы сұрақ жолдап едім:

@AZhumagaliev ЭЦП жүйесіне электронды тапсырыс беру үшін неге ақылы Windows жүйесін пайдалануға мұқтажбыз. Linux арқылы тапсырыс берілмейді.

Шындығында осы жағдай маңызды. Мен Линукс жүйесін пайдаланамын. Ерекшелігі Windows жүйесіне қарағанда пайдалануы тегін жүйе. Электронды кілт алу үшін тапсырыс беруге Windows жүйесі арқылы ғана қол жетімді екен. Сұрақ қойған күні амал жоқтықтан Windows жүйесі бар таныс адамға өтініш білдіріп, компутерінен өтініш жібердім.


Сол күні Ақтөбедегі ЦОН барғанымда «База не работает» деп жұмысты бітіре алмадым. ЦОН-да қазақша сұрасаң орысша жауап беретін қазақ жігіт бар екен. Қазақша сұрап, орысша жауап алып сөйлестік. Түсінгенім, Интернет арқылы тапсырыс беріп, тапсырыс парағын шығарып алып келу керек екен. Мен тапсырыс бердім, тапсырыс парағын ЦОН бермей ме деген сұрағыма, тапсырыс парағын өзім шығарып әкелуім керек екенін білдім. 

Ендігі мәселе, сол күні «База не работает» себебімен электронды кілтке тапсырыс бере алмадым, енді ЦОН-ға барып қайтадан «База работает» кезіне үлгеріп тапсырыс беруім керек. Тапсырыс берген соң ЦОН орталығы менің поштама сертификат жібереді. Ол сертификатты тапсырыс берген компутерден ғана іске қосуым (активация) керек. 

Қиындық тудыратын жағдай: Маған тапсырыс беруге Windows компутерін берген таныс  адам жұмыстарымен басқа қалаға кетті. Бәрі жақсы болып, ойдағыдай болса жақсы болар еді деп отырмын. Әйтпесе сол адамды күтуге немесе қайта тапсырыс беруге мәжбүрмін. Поштама келетін сертификатты сол адамның компутері болмаса пайдалана алмаймын.

Мәселені осындай қиындатпай Linux жүйесі үшін мүмкіндік қашан іске қосылады? Ал ЭЦП алу үшін ақылы Windows жүйесін сатып алуға қажеттілік туындап тұрған жағдайды түсінбеймін.

ЭЦП форумындағы Linux ке байланысты айтылғандарды істеп көрдім. Пайдаға аспады.

Yvizyon сайты арқылы zhomart қолданушыға сұраған сұрағыма жауап келді:

@egovkz хочу отправить заявку через Ubuntu 11-Mozilla. Ява не загружается. Тумар как установить для Ubuntu 11. Помогите
zhomart.yvi.kz ЭЦП:   25 May 2011, 16:12
На данный момент с Линуксом много проблем. Лучше всего взять ксерокопию уд. личности и прогуляться в ближайший к вам ЦОН. Там вам быстро выдадут ЭЦП.

Ближайший ЦОН барып шаруа бітпеді, себебі Интернет арқылы тапсырыс беру керек.

Жауабыңызға алдын ала алғыс білдіремін.

Негізі осы сұрақты http://blogs.egov.kz/ арқылы қойдым. Тексеріліп болған соң ғана жариялануы мүмкін. Дегенмен жеке блогым арқылы көпшіліктің пікірлерін білгім келеді.

Оригинал поста по этому адресу

Advertisements

One Comment to “@AZhumagaliev @egovkz Cұрақ-Вопрос”

  1. @AZhumagaliev Аскар Жумагалиев: @snsnkz Қазір біз бұл бағытта жұмыс істеудеміз, осы жылдың соңына қарай эсқ-ны Linux үшін бейімдейміз.

    Министр аға нақты жауап қайтарды. Бірақ жыл соңына дейін күтуім керек пе? Жекелей көмек бола ма екен?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: