Archive for ‘Нұрлы сөздер’

10.08.2011

Аллаһтан кешірім тілеу

жіберуші Ізгілік Нағиев

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ  قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللّٰهِ : مَنْ لَزِمَ الْاِسْتِغْفَارَ جَعَلَ اللّٰهُ لَهُ مِنْ كُلِّ ض۪يقٍ مَخْرَجًا وَمِنْ كُلِّ هَمٍّ فَرَجًا وَرَزَقَهُ مِنْ حَيْثُ لَا يَحْتَسِبُ

 Ибн Аббас (р.а.): «Расулаллаһ (с.ғ.с.): Кімде-кім Аллаһтан кешірім тілеуді әдетке айналдырса, Аллаһ тағала оған әрбір қиыншылықтан шығатын жол және әрбір уайымнан құтылатын шара (айла) нәсіп етеді. Сондай-ақ, ойламаған жерден ризық береді – деп айтты» – деген.

(Әбу Дәуіт риуаят еткен)

Advertisements
04.05.2011

Адамдармен қарым-қатынаста реніш сезімін оятпай-ақ ықпал етуге мүмкіншілік беретін тоғыз ереже

жіберуші Ізгілік Нағиев

1. Әңгімені өзіңізбен пікірлесіп отырған адамды шын көңілден мақтаудан бастаңыз.
2. Басқа адамдардың кемшілік мінін тура бетіне айтпай, астарлап жеткізіңіз.
3. Алдымен өз кемшіліктеріңіз туралы сөз қозғаңыз, содан кейін Әңгімелесуші адам туралы сын айтуыңызға болады.
4. Әгімелесуші адамға бұйырып емес, қарсы сұрақ қойыңыз.
5. Адамдарға өзінің абырой-беделін сақтауға мүмкіндік беріңіз.
6. Адамдарға кішкене болса да, жетістігін елеп, ескеріп, қолдау көрсетіңіз.
7. Адамдардың өз іс-әрекетін ақтауға тырысатындай бедел жасауға тырысыңыз.
8. Ынталандыруға тырысыңыз, сіз түзеуге қажетті деген кемшілікті адамдардың өзі-ақ жөндей алатындай жағдайға келтіріңіз.
9. Сіз ұсынған жолды адамдардың өзі қуана қабылдайтындай мүмкіндік туғызуға тырысыңыз.
Адамдармен қарым-қатынаста реніш сезімін оятпай-ақ ықпал етуге мүмкіншілік беретін тоғыз ереже

http://45minut.kz/pedagogika/erezhe.html 

01.05.2011

Намаз оқып үйрену

жіберуші Ізгілік Нағиев

Интернет әлемін қарап отырып Ислам туралы тамаша сайтқа жолықтым. Адресі: http://www.islamdini.ru

Сайтта мағлұматтар молынан жинақталған екен. Өздеріңіз қарап көріңіздер. Маған қазыргі заманда ең маңызды, әрі көпшіліктің іздеп жүрген мақалаларының бірі ретінде Намаз оқып үйрену туралы суреттері ұнады. Себебі намаз сабақтары қысқа да нұсқа жағдайда жазылған екен. Қарап көріңіздер. Сайтқа қонақ болыңыздар.

Намаз сабақтары: https://izgilik.files.wordpress.com/2011/05/taharat.jpg    https://izgilik.files.wordpress.com/2011/05/namaz.jpg

10.02.2011

2011 жылы ақпан айының 14-нен 15-не қараған түні Мәуліт ән-Нәби Пайғамбарымыздың (с.а.с.) туған күні -ҚАСИЕТТІ МӘУЛІТ МҮБӘРАК БОЛСЫН!

жіберуші Ізгілік Нағиев

Әдеттегідей биыл да әлемнің көптеген елдері хазреті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың мәулітін атап өтеді. Мәуліт – араб сөзі, қазақ тілінде «туған күн» деген мағына береді. Бұл Алла тағаланың ең сүйікті пендесі, Адам атадан (ғ.с.) басталған пайғамбарлардың соңғысы, әрі сардары хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келген айына атау етіп қойылған сөз. Қасиетті Құран Кәрімде Алла тағала «Ахзаб» сүресінің 56-аятында: «Пайғамбарға (с.ғ.с.) Алла рахымын төгіп, періштелер жарылқау тілейді. Ей, мүміндер! Пайғамбарға (с.ғ.с.) сендер де салауат айтып, сәлем жолдаңдар», – деген. Сондықтан да әр жылы айтізбесінің рабиғул-әууәл айында әз Пайғамбарымыздың мәулітін мерекелеп, Алла тағала бізді өзінің сүйікті пайғамбары хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметі етіп жаратқанына алғысымызды білдіріп, сүйікті хабибіне жамағат болып салауаттар айтамыз.
2011 жылы ақпан айының 14-нен 15-не қараған түні Мәуліт ән-Нәби Пайғамбарымыздың (с.а.с.) туған күні.

http://www.muftyat.kz

10.02.2011

Намаздарыңды қаза қылмаңдар…

жіберуші Ізгілік Нағиев

Әбу Һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): “Қиямет күні Аллаһтың құлы амалдарының ішінен ең алғаш намазынан сұралады. Егер оқыған намаздары дұрыс әрі қабылдыққа жазылған болса, жақсылыққа кенеліп, көздеген мақсатына жетеді. Ал, егер намаздары нашар әрі жарамсыз болып шықса, дегеніне жете алмай қапыда қалады. Ал енді оқыған парыз намаздары кем-кетіктері болып жатса, Ұлы Раббымыз періштелеріне: “Құлымның кем болып қалған парыздарын толықтыратын қосымша оқыған нәпіл намаздары бар ма екен? Соған қараңдар” – деп бұйырады. Содан кейінгі амалдары да дәл солай қаралады” – деп айтты» – деген. (Риязус-салихин кітабынан)

02.02.2011

Құранның бір әрібі….

жіберуші Ізгілік Нағиев

Ибн Масғуд (р.а.): «Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): “Құранның бір әрібін оқығанға он сауапқа тең келер бір жақсылық жазылады. Әлиф, ләм, мим’ді бір әріп деп айтпаймын. Әлиф бір әріп, ләм бір әріп, сондай-ақ мим’де өз алдына бір әріп” – деп айтты» – деген.

(Риязус-салихин кітабынан)

29.01.2011

Өмірде бақыт, рахат, көңіл хоштығын қаласаңдар:

жіберуші Ізгілік Нағиев

Бірақ мұсылман барлық пайғамбарды әрі Құдайды, сондай-ақ кемелдік атаулыны Мүхаммед араби Ғалейһиссалату уәссаламның арқасында үйреніп, таниды. Оның тәрбиесінен тысқары қалған, яғни онымен байланысын үзген мұсылман ешбір пайғамбарды танымайды. Құдайды да ұмытады, бойында ізгіліктің нышаны қалмай, мүлдем көрсоқыр болады. Олай болатыны біздің пайғамбарымыз пайғамбарлардың ең соңғысы, ең үлкені әрі тура жолға шақыруы мен діні жалпыға ортақ, бүкіл адамзатқа үндеу жасаған, сондай-ақ діни тұрғыда болсын, мүғжизелері болсын бәрінен үстем және ақиқат тұрғысында адамзатқа ұстаздық етіп, пайғамбарлығы он төрт ғасыр бойы іс жүзінде дәлелденген. Әрі адамзат атаулының мақтанышы мен бетке тұтары. Пайғамбардың осындай тәрбиелік негіздерін, діни дәстүрлерін тәрк еткен адам кемелденуден мақұрым қалады, нұрға шомбайды, әбден азғындап, сөзсіз хайуан сатысына дейін құлдырайды.

Әй, дүниенің қызығына құмар, қысқа ғұмырының рахаты үшін тұрмысын ғана жақсартуға тырысқан бейшаралар! Өмірде бақыт, рахат, көңіл хоштығын қаласаңдар: Аллаһтың рұқсат беріп, кеңшілік еткен өлшеулі ләззатына қанағат етіндер. Ол қара басыңызға толық жетерлік. Онан артық заңсыз ләззат мыңдаған қайғыға душар ететінін енді түсінген шығарсыңдар.

Кино өнері дамыған қазіргі кезде өткен күндердің оқиғаларын бүгін айнытпай көрсететініндей, болашақтағы, мәселен, елу жылдан кейінгі жағдайларды да киномен қазір көру мүмкін болса, осы кездегі азғындар, қазіргі шат-шадыман тіршіліктеріне қатты жиіркеніп, өкіне жылар еді. Демек, дүние мен ақыретте бақытты болғысы келетін адам имандылықтың ережелерін қүбыланама ретінде үстаушы Мүхаммедтің (с.ғ.с.) тәрбиесін алуы тиіс.

29.01.2011

Шындық айту шарттары

жіберуші Ізгілік Нағиев

Біріншісі: сен мамандылығыңды, пікірлеріңді тұра, дұрыс деп білген кезіңде, мамандығым тұра немесе ең жақсысы дей аласың; бірақ, тек қана менің мамандығым тұра, дұрыс деуге ақың жоқ.

сыры бойынша ынсапсыз көзқарасың мен ұждансыз пікірің төреші бола алмайды. Басқалардың мамандықтарыны жаңылыс деп кінәрат артып айыптай алмайды.

Екінші ереже: Сен былай дей аласың: Сөйлегенің шындық болуы тиіс. Алайда барлық шындықты сөйлеуге тиісті емессің. Әр сөйлегенің тура болуы тиіс, бірақ барлық тура нәрсені сөйлеу дұрыс емес. Себебі, сен сияқты ниеті бұзық (жаман) адам насихатты кей кезде жанды жеріңе тигізіп, теріс әсер бергізеді.

Үшінші ереже: Өшпенділік жасағың келсе, жүрегіңдегі өшпенділікке өшпенділік жаса, оны жоюға тырыс. Әрі ең көп саған зиян берген нәпсіңнің менменшілдігі мен шәуқани қалауларына өшпенділік жаса, оны жөнге салуға тырыс. Зиянкес нәпсіңнің көңілі үшін мұсылмандарға дұшпандық жасама. Егер дұшпандық жасағың келсе кәпірлер, дінсіздер көп; соларға өшпенділік қыл. Иә, қалайша ынтымақ, татулық сипаты татулыққа, ынтымаққа лайық. Сол сияқты өшпенділік мінезі бәрінен бұрын өзі өшпенділікке лайық. Егер қарсыласыңды жеңгің келсе жамандылығына жақсылықпен жауап бер. Өйткені: егер жамандылықпен жауап берсең, дұшпандылығы арта түседі. Сырт көрініске жеңілген болса да іштей кектеніп өшпенділігі жалғаса түседі. Егер жақсылықпен жауап берсең, өкініп саған дос болады.

%d bloggers like this: