Archive for ‘Сілтемелер’

20.04.2011

Ақтөбе облыстық Нұрғасыр орталық мешіті туралы кітап

жіберуші Ізгілік Нағиев

Зәкіратдин Байдосұлы Байдосов 2005 жылдың басынан «Ақтөбе Мешіті» қоғамдық қорының директоры ретінде Ақтөбе қаласында салынып жатқан Орталық Облыстық мешіт ғимаратын тиісті жоба-сметалық құжаттармен, қажетті қаржымен қамтамасыз етуде, құрылыс жұмыстарын шаптаңдата атқаруда, халық арасында үгіт-түсінік жұмыстарын кең көлемде жүргізуде үлкен ұйымдастыру істерін тындырды.

Соның нәтижесінде бұл іске облыс бойынша 200.0 мыңнан аса адам қайырымдылық көрсету жолымен «Қордың» есеп-шотына 1 миллиард 970 миллион теңге қаржы түсірді. Бұл құрылыс жұмысын жедел қарқынмен жүргізуге жағдай жасады. Сөйтіп 2006 жылдың сәуірінде басталған Облыстық Орталық мешіт құрылысы 2008 жылдың қыркүйегінде немесе 2 жыл 4 айда Ақтөбе қаласының көркі болған, «Қазақстанның Тәджі-Маһалы» деп аталып кеткен «Нұр Ғасыр» мешіті, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тұсауын кесуімен қатарға қосылды.

read more »

Advertisements
%d bloggers like this: