Archive for ‘Өмірдің тылсым сырлары’

10.08.2011

Аллаһтан кешірім тілеу

жіберуші Ізгілік Нағиев

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ  قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللّٰهِ : مَنْ لَزِمَ الْاِسْتِغْفَارَ جَعَلَ اللّٰهُ لَهُ مِنْ كُلِّ ض۪يقٍ مَخْرَجًا وَمِنْ كُلِّ هَمٍّ فَرَجًا وَرَزَقَهُ مِنْ حَيْثُ لَا يَحْتَسِبُ

 Ибн Аббас (р.а.): «Расулаллаһ (с.ғ.с.): Кімде-кім Аллаһтан кешірім тілеуді әдетке айналдырса, Аллаһ тағала оған әрбір қиыншылықтан шығатын жол және әрбір уайымнан құтылатын шара (айла) нәсіп етеді. Сондай-ақ, ойламаған жерден ризық береді – деп айтты» – деген.

(Әбу Дәуіт риуаят еткен)

Advertisements
04.05.2011

Работа в сетевом маркетинге в Исламе запрещено. Харам.

жіберуші Ізгілік Нағиев

Мысырдағы әл-Азһар университетінің Ислам экономикасы бойынша профессоры, ғалым Хусайн Шаххата, Қатар мемлекеті университетінің Ислам шариғаты факультетінің профессоры Әли Мұхиддин сынды көптеген ислам ғұламалары мен Сауд Арабиясының пәтуа комитеті жалпы желілік маркетингтің жұмыс жасау жобасына харам деп пәтуа шығарған.

——————————————————–

Жалпы желілік (сетевой) маркетингтің үкімі қандай? Әсіресе солардың ішіндегі «QuestNet» желілік маркетингінде жұмыс істеуге болады ма? Дастан Алматы қаласы 08.02.2009ж.
Әлемде желілік маркетингтің түр-түрі бар. Әртүрінің өзінше жұмыс істеу жобасы мен шарттары бар. Сондықтан жалпылай үкім беру әрине қиын. Ал Қазақстанда соңғы жылда кеңінен өріс алған «QuestNet» желілік маркетингіне келер болсақ, оның жұмыс істеу жобасы мынандай:

read more »

01.05.2011

Намаз оқып үйрену

жіберуші Ізгілік Нағиев

Интернет әлемін қарап отырып Ислам туралы тамаша сайтқа жолықтым. Адресі: http://www.islamdini.ru

Сайтта мағлұматтар молынан жинақталған екен. Өздеріңіз қарап көріңіздер. Маған қазыргі заманда ең маңызды, әрі көпшіліктің іздеп жүрген мақалаларының бірі ретінде Намаз оқып үйрену туралы суреттері ұнады. Себебі намаз сабақтары қысқа да нұсқа жағдайда жазылған екен. Қарап көріңіздер. Сайтқа қонақ болыңыздар.

Намаз сабақтары: https://izgilik.files.wordpress.com/2011/05/taharat.jpg    https://izgilik.files.wordpress.com/2011/05/namaz.jpg

13.04.2011

Ғайбат ету

жіберуші Ізгілік Нағиев

Сұрақ: Ғайбат ету дегеніміз не?

Жауап: Белгілі (танитын) бір мұсылманның немесе зимми кәпірдің айыбын, оны жамандау үшін артынан сөйлеу ғайбат болады. Ғайбат ету харам болып табылады. Тыңдап отырған адам оны танымайтын болса, ғайбат болмайды.

Ғайбат етілген адамның денесінде, тегінде, мінез-құлқында, жұмысында, сөзінде, дінінде, дүниесінде, киімінде, үйінде, тіпті жануарларында болған бір кемшілігі артынан айтылса, яғни ол адам бұны естіген жағдайда ренжитіндей сөз айтылған болса, ғайбат болады. Естігенде ренжитін сөзді бетіне айту да күнә болып табылады.

Астарлап айту, ишарамен, әрекетпен білдіру, жазумен білдіру де сөзбен айту сияқты ғайбатқа жатады.

Бір мұсылманның күнәсі және кемшілігі айтылғанда молдалардың, уағызшылардың «әлһамдулилләһ біз ондай емеспіз» деулері, ғайбаттың ең жаманы болып табылады. Біреу туралы айтылып жатқанда «әлһамдулиллаһ, Аллаһ бізді олай арсыз етпеді» деген сияқты сөздермен оны жамандау, өте жиіркенішті ғайбатқа жатады. «Пәленше өте жақсы кісі, бірақ ғибадаттағы мына кемшілігі болмаса, тіпті жақсы болар еді» деу де ғайбат болады. Хужурат сүресінің он екінші аятында: «Бір-бірлеріңді ғайбат етпеңдер!» деп бұйырылды.

read more »

01.04.2011

Күлкі күні – День смеха

жіберуші Ізгілік Нағиев

Бүгін халық арасында 1 сәуір күлкі күні немесе день смеха деп айтылуда немесе солай  қабылданған. Сонымен қатар күлкі күнінде міндетті ретінде алдау, өтірік айту қажет деп те айтылып жүр. Бұл алдау, өтірік айту мұсылман баласына қажет пе, өтірік айтып, алдап Алла алдында күнәға қаламыз ба деген заңды сұрақ туындайды. Әлде күлкі, әзіл жағдайы болуы үшін өтірік айтпай, алдамай әзілдесуге болмай ма? Кім осыған қандай ой айтады?

29.01.2011

Мемлекеттік тіл немесе кімге керек?

жіберуші Ізгілік Нағиев

Жақында бір сайт иесімен спорласып (пікір таластырып) әңгімелестік. Сайттың тілі қай тілде болу керек деген… Мен баяғы Қазақстан, қазақ тілі – мемлекеттік тіл деп пікірімді білдірдім, ол болса «Кому нужен тот и поставит, мне лично не нужен, то есть нет потребности, без казахского языка прекрасно живу в Казахстане» деп ойын білдірді. Жақсы бұл да бір тамаша пікір болсын және мүмкін ащы да болса өмірдің шындығы деп есептейік.

Дегенмен кейінгі менім сұрағым тіпті жауапсыз қалды немесе ойландырды деп есептеймін. Егер мемлекеттік тіл қазақ тілі емес басқа тіл болса, ол жағдайда қалай болар еді және қазіргі мемлекеттік тілді менсінбейтіндер қалай істер еді?  Онда тек қана қазақ тілінде сөйлеймін және пайдаланамын дегендерді жауапқа тартатын шығар. Неге тек қана қазақша сөйлейсің немесе мемлекеттік тілді сыйламайсың деп. Негізі эксперимент есебінде басқа тілді мемлекеттік тіл деп қабылдап, ол тілдің қалай елімізде қалай дамитынын көру керек еді. Қызық болатын шығар.

Дегенмен, кеше Елбасымыздың биылғы жолдауын тыңдап отырып, жағдайымыз болашақта жақсы болар деп үміттендім:

Тілдерді дамыту: 2017 жылы мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың саны кем дегенде 80 пайызға жетеді. Ал 2020 жылға қарай кем дегенде 95 пайыз болады. Он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді меңгереді.

– Мен әрдайын бүгінде қазақстандықтар үшін үш тілді меңгеру – бұл өздері үшін міндетті шарт екенін айтып жүрмін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі кем дегенде 20 пайызды құрауы қажет, – деп қадап айтты Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауынан. 2011 жыл.

29.01.2011

Қазақша Шоу мен Шу

жіберуші Ізгілік Нағиев

Қазақ шоу бизнесі туралы сыр шертетін, қысқаша айтқанда түрлі әңгімелерді жариялайтын мақалалар жариялануды бастады. Әрине қазірше нақты кім және кімдердің жариялап жатқандары белгісіз, дегенмен болашақта бір жақсы танымдық сайт дүниеге келеді деп ойлаймын. Белгісіз болу себебі: http://www.zonakz.net/blogs/user/juldyzdarkupyasy/ мекенінде жариялануы. Дегенмен бұл жағдай осы тақырыптағы мақалалардың қаншалықты әсері, қызығушылығы бар деген оймен жазылған алғашқы зерттеу мақалалар.

Өзге елдердегідей біздің шоу бизнес саласы өкілдері де той бизнес саласынан нақты мәдениетке бет бұрса тіпті тамаша болар еді. Әйтпесе әрқайсысы ақша табамын деп әркімнің «Әнші балапаны» болып кеткені жасырын емес, елімізде және шетелдерден алған  орден медальдардың саны көп.  Өнер ең бірінші ұрпақ тәрбиесіне қызмет етуі өте маңызды.. Мысалы: Қыдыралінің қуыршақтар бизнесі …

%d bloggers like this: