Archive for ‘Rasulullah.KZ’

10.08.2011

Аллаһтан кешірім тілеу

жіберуші Ізгілік Нағиев

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ  قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللّٰهِ : مَنْ لَزِمَ الْاِسْتِغْفَارَ جَعَلَ اللّٰهُ لَهُ مِنْ كُلِّ ض۪يقٍ مَخْرَجًا وَمِنْ كُلِّ هَمٍّ فَرَجًا وَرَزَقَهُ مِنْ حَيْثُ لَا يَحْتَسِبُ

 Ибн Аббас (р.а.): «Расулаллаһ (с.ғ.с.): Кімде-кім Аллаһтан кешірім тілеуді әдетке айналдырса, Аллаһ тағала оған әрбір қиыншылықтан шығатын жол және әрбір уайымнан құтылатын шара (айла) нәсіп етеді. Сондай-ақ, ойламаған жерден ризық береді – деп айтты» – деген.

(Әбу Дәуіт риуаят еткен)

Advertisements
29.03.2011

Просить прощение никогда не поздно….

жіберуші Ізгілік Нағиев

«Зинақор зина жасап жатқанда, ол мүмін емес, ұры ұрлық істеп жатқанда, ол мүмін емес, адам арақ ішіп тұрғанда, ол мүмін емес, ал кейін (бұларды істегеннен соң) тәубәға келуі тиіс». (Бұхари, Мүслім)

17.03.2011

Значение наших поступков

жіберуші Ізгілік Нағиев

Әнәс (р.а.): «Сендер, кішкене бір қыл құрлы да көрмейтін кейбір істерді істейсіңдер. Ал біз, ондай істерді Аллаһ Елшісінің кезеңінде құрдымға жіберетін үлкен күнә деп есептеуші едік» – деген.
(Риязус-салихин кітабынан)

10.03.2011

Мәуліт мейрамы

жіберуші Ізгілік Нағиев

http://img.mail.ru/r/video2/player_v2.swf?2

10.02.2011

2011 жылы ақпан айының 14-нен 15-не қараған түні Мәуліт ән-Нәби Пайғамбарымыздың (с.а.с.) туған күні -ҚАСИЕТТІ МӘУЛІТ МҮБӘРАК БОЛСЫН!

жіберуші Ізгілік Нағиев

Әдеттегідей биыл да әлемнің көптеген елдері хазреті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың мәулітін атап өтеді. Мәуліт – араб сөзі, қазақ тілінде «туған күн» деген мағына береді. Бұл Алла тағаланың ең сүйікті пендесі, Адам атадан (ғ.с.) басталған пайғамбарлардың соңғысы, әрі сардары хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келген айына атау етіп қойылған сөз. Қасиетті Құран Кәрімде Алла тағала «Ахзаб» сүресінің 56-аятында: «Пайғамбарға (с.ғ.с.) Алла рахымын төгіп, періштелер жарылқау тілейді. Ей, мүміндер! Пайғамбарға (с.ғ.с.) сендер де салауат айтып, сәлем жолдаңдар», – деген. Сондықтан да әр жылы айтізбесінің рабиғул-әууәл айында әз Пайғамбарымыздың мәулітін мерекелеп, Алла тағала бізді өзінің сүйікті пайғамбары хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметі етіп жаратқанына алғысымызды білдіріп, сүйікті хабибіне жамағат болып салауаттар айтамыз.
2011 жылы ақпан айының 14-нен 15-не қараған түні Мәуліт ән-Нәби Пайғамбарымыздың (с.а.с.) туған күні.

http://www.muftyat.kz

10.02.2011

Намаздарыңды қаза қылмаңдар…

жіберуші Ізгілік Нағиев

Әбу Һурайра (р.а.): «Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): “Қиямет күні Аллаһтың құлы амалдарының ішінен ең алғаш намазынан сұралады. Егер оқыған намаздары дұрыс әрі қабылдыққа жазылған болса, жақсылыққа кенеліп, көздеген мақсатына жетеді. Ал, егер намаздары нашар әрі жарамсыз болып шықса, дегеніне жете алмай қапыда қалады. Ал енді оқыған парыз намаздары кем-кетіктері болып жатса, Ұлы Раббымыз періштелеріне: “Құлымның кем болып қалған парыздарын толықтыратын қосымша оқыған нәпіл намаздары бар ма екен? Соған қараңдар” – деп бұйырады. Содан кейінгі амалдары да дәл солай қаралады” – деп айтты» – деген. (Риязус-салихин кітабынан)

04.02.2011

Жұма күні

жіберуші Ізгілік Нағиев

Әус ибн Әус (р.а.): «Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): “Шынында апта ішіндегі ең қайырлы (яғни, сауапты) күндерің жұма күні. Сол күні маған көптеп салауат айтыңдар (яғни, мен үшін Аллаһқа дұға жасаңдар). Өйткені айтқан салауаттарың маған арнайы түрде (періштелер тарапынан) жеткізіледі” – дегенде, сахабалар: “Уа, Аллаһтың елшісі! Сіздің денеңіз бұзылып, топыраққа араласқаннан кейін айтқан салауаттарымыз Сізге қалай жетпек?” – деп сұрады. Сонда Ол (с.ғ.с.): “Расында Аллаһ тағала пайғамбарлардың денесін жерге харам қылды (яғни, жер әсте олардың денесін шіріте алмайды)” – деп айтты» – деген.

(Риязус-салихин кітабынан)

%d bloggers like this: