Умер великий поэт Кадыр Мырзалиев!

жіберуші Ізгілік Нағиев

http://twitter.com/#!/akossanovkz/status/28846871149547520

4 пікір to “Умер великий поэт Кадыр Мырзалиев!”

  1. Алып бәйтерек құлады. Бір дәуір аяқталды. Марқұмның жаны жаннатта болсын!

  2. Ауылдан Алматыға келген жылы автобустан көріп таң қалғам. Осындай ұлы ақын да автобуста жүреді екен ғой деп. Бұрын көрмесем де жазбай таныдым (Кітаптарының бірінші бетіндегі суреті көкейге жатталып қалған ғой).Қай көше екені есемде жоқ, аялдамадан түсіп қалды. Автобуста амандасуга жасканып тұрдым. Түсіп бара жатқанда бірге түссем бе екен деп ойланып қоям.Ауылдан жаңа келген жасқаншақ кезім. Ойланып болғанша ол кісі түсіп,автобус жүріп кетті. Ақыры не болса да амандаспаққа оқталып, келесі аялдамадан түсіп кері жүгірдім. Мені күтіп тұратындай жүгіріп, алқынып аялдамаға жетсем жоқ. Жан-жағыма қарап көзбен іздеп тұрып -тұрып, ақыры таппайтын болғансын келесі автобуспен үйге кеттім. Ішімнен бірге түсіп қалмай, әңгімелесу керек еді деп қоям. Ақын, жазушылардың студент кезімізде аға буын ақын-жазушылармен амандасып,сөйлесуші едік, өлең оқып батасын алдық деген естеліктерін оқып өскен адамбыз ғой . Журфакқа тапсыруға келген бетім, өзім шала-пұла өлең жазам. Ана кісімен амандасып, сөйлесіп қалсам мен де кейін естелік жазам ба деген балаң ой ғой.Қазір Қадыр Мырза-Әлі десе сол көрініс көз алдыма келеді. Одан кейін ол кісіні көрмедім. Бүгін мына хабарды естіп көз алдымнан жаңағы көрініс көлбең ете қалды. Ол кісі шын мәнінде ескінің көзі сынды, дара, дана ақындардың бірі еді. Жаны жанатта болсын!

  3. бир кездери секилди еди алып тау,алатауда аласырып калыпты ау!!Ардакты акыннын арманы аскак еди , жанны жаннатык болсын

  4. Жаны жаннатта болсын… Сүйікті ақындарымның бірі еді…

Пікір қалдыру