Жүрегіңнен сұра. Ізгілік – жан дүние мен жүректің тыныштығы.

жіберуші Ізгілік Нағиев

Уасыба ибн Мағбад (р.а.): «Бірде Аллаһ елшісіне (с.ғ.с.) барғанымда маған: “Ізгілік жайлы сұрауға келдің бе?” – деп жылы шырай танытты. Мен: “Иә” – дегенімде, маған: “Жүрегіңнен сұра. Ізгілік – жан дүние мен жүректің тыныштығы. Ал, күнә (яғни, жамандық) – жан дүние мен жүректің елегізген беймазалығы. Өзге адамдар қанша жерден пәтуә беріп, болады десе де, бұл солай (яғни, кім не десе де, сен өзіңнің жүрегіңді тыңдап, күмәнді нәрселерден аулақ бол)” – деп айтты» – деген.

(Риязус-салихин кітабынан)

Пікір қалдыру